КИПР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ

Кипр туралы



БҮГІНГІ КИПР

Бүгінгі таңда Кипр Республикасы озық телекоммуникациялық жүйелерге ие болған, әлемнің барлық елдерімен тура телефон байланысы бар дерлік, оның Тіркелімінде 1932 кеме және Кипрде толық жабдықталған кеңселерде өз қызметін жүргізетін 1 мыңнан артық халықаралық бизнес-компаниялар есепте бар дүниежүзіндегі ең бір ірі сауда флоты, қазіргі заманғы еуропалық демократиялық мемлекет болып табылады.

Еуроодақ онымен өндірілген 50%-дан жоғары экспорттық өнімді сіңіріп және 50% астам импортты қамтамасыз етіп, Кипрдың басты сауда серіктестігі болып табылады.

Сонымен қатар әлеуметтік салада маңызды прогресс белгіленеді. 2001 ж. 68,4%-дан жоғары отбасы меншік үйлеріне ие болды. Бүгінгі таңда іс-жүзінде сауатсыздық жоқ, ол 1961 ж. 20%-ға жуық халықты қамтыды. Ал жоғары білім беруге қатысты, Кипр дамыған елдердің арасында өте жоғары позицияға ие. 2003/2004 оқу жылы елдегі және шетелдегі жоғары оқу орындарындағы кипр студенттерінің жалпы саны 38 480 адам құрады. 1992 ж. аралда меншік Мемлекеттік университет ашылды.

Мемлекеттік, солай жекеменшік медициналық қызмет көрсету – жоғары деңгейде тұр және ұдайы жетілдіріледі. Балалардың өлімі 1960 ж. 1000 жаңа туылған балаға 40 жағдайдан 2003 ж. 4,1 дейін күрт қысқарды. Орташа өмір сүру ұзақтығы 1950 ж. 65 жастан 2003ж. әйелдерде 81,4 жасқа дейін және еркектерде 77 жасқа дейін өсті. Бір дәрігерге есептегенде тұрғындардың саны 1961 ж. 1470-тен бастап 2003 ж. 384-ке дейін қысқарды.

Тәуелсіздікке ие болған кезден бастап барлық қызмет салаларында жеткен прогресспен қатар, Кипр Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігін сақтау тұрлаулы уәделері , сондай-ақ әрқашан ЕО-тың белсенді және конструктивті серіктестігі болуға тырысу, аралдың бүкіл аумағында еркіндік пен әділдікті қайта қалпына келтіру үшін, Республиканың жалғасып жатқан күресінің негізін құрайды.

Кипрлық проблеманың шешімін табуға және Кипрды қайта біріктіруге тырысып, БҰҰ, 1975 ж. бастап, қауымаралық келіссөздердің бірнеше раундын ұйымдастырды және бір қатар бастамамен сөз сөйледі. Әрең белгіленген прогресс, бірақ, шетелдік мүдделердің тұтқынына айналып, ол кезде Кипр бөлініп қалатын, ол осындай шешімге расында жеткісі келген түркия тарабымен әрқашан тежелді, сол кезде грекия қауымы шетелдік қолсуғушылықтан еркін, және ЕО-тағы барлық мүшелік басымдықтарын пайдаланатын халықпен және қайта қалпына келген экономикамен аралды расында біріктіруге көндірді.

БҰҰ соңғы бастамасы "Аннан жоспары" ретінде белгілі болған, кипрлық проблеманы жан-жақты реттеу бойынша оның Бас Хатшысының ұсыныстарын ұсынуда тұрды.

2004 ж. 24 сәуірде Кипр халқы қос қауымда бір уақытта жүргізілі жатқан бөлек референдумдарда "Аннан жоспарын" мақұлдауға немесе жоққа шығаруға мүмкіндік алды. Киприот-гректердің айқын көпшілігі (75,8%) референдумға ұсынылған мәтін теңдестірілмегенін және ең көп киприот-гректерді мазалайтын реттеудің қауіпсіздігі, функционалдығы және өмірге бейімділігі мәселелерінің шешілмегендігін сезіп, ұсынылған "Аннан жоспарын" жоққа шығарды. Киприот-түріктердің көпшілігі (64,9%) жоспарды қабылдады. Киприот-гректер өз шешімдерімен ол олардың басты мақсаты болып қалатын Кипрды біріктіру идеясын емес, ал ол аралдың шынайы бірігуіне және оның халқының және экономикасының қайта қосылуына ықпал етпегендіктен, ұсынылған нақты жоспарды жоққа шығарды.

Осы позицияны жүйелі қорғап, кипрлық үкімет Кипрдың Еуропалық Одаққа қосылу нәтижесі болып табылатын, жаңа мәнмәтінінде кипрлық проблеманы келісілген, конструктивті және сенімді реттеуге бірте-бірте апаратын мазмұнды және конструктивті келіссөздерді БҰҰ қамқорлығымен жүргізу үшін қажет жағдайлар жасау үшін жүйелі жұмыс істейді.

Киприоттар ұзақ мерзімді нәтижелермен өмірге бейімділікті реттеуге – грекиялық және түркиялық қауымдарға олар бұрын ғасырлар бойы қалай өмір сүрді, солай бір бірімен татулықта өмір сүруге мүмкіндік беретін және ЕО мүшелігінің нәтижелерін бірге пайдаланатын реттеуге тырысады. Біріккен елде – Еуроодақтың құрауыш бөлігінде – киприоттардың өз мәдени алуан түрлілігі мен таланттарының әлеуетін максималдандыру және бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайларында өркендеу нәтижелерін бірге сезіну қолдарынан келді.
2004 жылғы 1 мамырда Кипр Республикасы үш он жылдықтан жоғары созылып келе жатқан, оған ұзақ жолды аяқтап, ЕО толық құқылы мүшесі болды.

ЕО кіру оның мәдениетімен, өркениетімен, тарихымен, еуропалық көзқарасымен және демократияның идеяларына бейілділігімен, еркіндігімен және әділдігімен мәжбүрленген, Кипрдың шынайы таңдауы болды. ЕО қосылу Кипр үшін жаңа міндеттер, мүмкіндіктер мен жауапкершілік кезеңінің басын білдірді.

Түркиямен басып алынған аумақта, ЕО заңы және нормалары (acquis communautaire) аралды бөлу проблемасы шешілмегенше, қолданылмайды. Соның арасында, Кипр үкіметі ЕО комиссиясымен ынтымақтастықта екі қауымның арасындағы экономикалық қарым-қатынастың дамуын жеңілдету және киприот-түрктердің өмір сүру деңгейін арттыру үшін, қолынан келетін бәрін жасап жатыр.

ЕО кіруден үлкен пайда алып, Кипр, мемлекеттердің бұл бірлестігінің мүшесі ретінде, өз кезегінде көп нәрсе ұсынуы мүмкін. Арал Еуропаны, Таяу Шығысты, Солтүстік Африка мен Азияны біріктіретін жолдардың қиылысындағы стратегиялық жағдайға ие, сондықтан оның өңірлік бизнес-орталығы, сондай-ақ халықаралық коммуникациялық және көлік орталығы ретіндегі маңызы маңызды өсіп келеді. Қазіргі заманғы инфрақұрылыммен, қолданыстағы құқықтық жүйемен, салықтық жеңілдіктермен, төмен қылмыстық деңгеймен және жақсы даярланған жұмыс күшімен ерекшеленіп, Кипр еуропалық компаниялар үшін, өте ыңғайлы өңірлік операциялық базаны білдіреді.

ЕО кірген уақыттан бастап Кипрде оның экономикалық көрінісін қайта өзгерткен, маңызды құрылымдық реформалар жүргізілді. Сауда мен пайыздық мөлшерлемелер ырықтандырылды, баға деңгейін бақылау және инвестициялық шектеулер алынды. Монополиянң күшін жоюмен қатар, құрылысты және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жеке қаржыландыруға рұқсат берілді.

Бұның бәрі Кипрдың ЕО кіруімен байланысты туындаған жаңа саяси мәнмәтін кипрлық проблеманы тегіс қамти алатын реттеуге – киприоттардың бірігуіне бірыңғай елдің шеңберінде экономиканы қайта қалпына келтіруге жету бойынша күштердің нәтижелерінде позитивті көрінеді деп үміттенуге негіз береді.
Кипрдың ЕО қосылу процессінің басталуына республика үкіметімен 1990 ж. шілдеде берілген, осы ұйымда толық құқылы мүшелігіне өтінім негіз болды. 1993 ж. маусымда Еуропалық комиссия осы мәселе бойынша оң тұжырымдама берді және Кипрдың еуропалық елдердің отбасына кіру келешегі нақты көрініске ие болды. Кипрды ЕО кірген елдердің санына кіргізу келесі куеңейту кезеңінде Корфта (маусым 1994 ж.) және Эссенде (желтоқсан 1994 ж.) ЕО саммитінде жасалған, Еуропалық Одақтың мәлімдемелерінде расталды. Корфта өткен саммиттың мәлімдемесінде Кипрмен ЕО-пен жақындасу жолында жеткен маңызды прогрессті қанағаттандыруда білінді. Сонымен қатар, БҰҰ Кипр бойынша бұрыштамаларға және келісімдерге сәйкес жоғары деңгейде, кипрлық проблеманың кез келген шешімі болған кезде, елдің егемендігін, тәуелсіздігін аумақтық тұтастығы мен бірлігін сақтау қажет деп расталды.  Кипрдың ЕО-қа кіруінің ең маңызды даярлау сәті Еуропалық Одақтың хельсинки саммитінің (желтоқсан 1999ж.) Кипрдың Еуропалық Одаққа қосылу туралы мәселесін саяси проблеманы реттеумен байланыстырмау шешімі болып табылды.
Кипрдың Еуропалық Одақпен ресми келіссөздері 1998 ж. наурызда басталды. Келіссөздерде делегацияның басшысы және «үйлестіру» процессінің үйлестірушісі (яғни Ео-қа кіруге кандидат-елдің экономикасы мен заңнамасын оның нормативтеріне сәйкес келтіру) болып Кипр Республикасының бұрыңғы президенті Г. Василиу тағайындалды. Бұл қызметте ол келіссөз процессін басқару, «үйлестіру» процессін бақылау және оны үйлестіру, сондай-ақ ел парламентімен және оның жеке секторымен қажетті сұхбаббы қолдау үшін бүкіл жауапкершілікті өзіне алды.Сол 1998 ж. наурызда, Кипр Республикасының бұрыңғы президенті Гл. Клиридис түркия-кипрлық қауымға кипрлық делегацияның құрамында келіссөздерде қатысу үшін өз өкілдерін бағыттауды ұсынды. Бірақ, осы ұсыныс түркия-кипрлық басшылықпен бірден қабыл алынбады.  
Кипр үшін алдын ала жағдайлар мынадан тұрды:
· елдің ішкі істерінде құқыққа қабілеттілігінің және әкімшілік басқарудың деңгейін арттыру бойынша арнаулы жобаларда қатысуы;
· Қауымдастықтың арнаулы бағдарламаларында қатысу;
· Техникалық көмек туралы ақпаратпен алмасу бюросы (TAIEX) желісі бойынша көмек.
Еуропалық комиссямен белгіленген рәсімге келісімді, Ео-қа кіру туралы келіссөздерге екі кезең кірді. Бірінші кезең кандидат-елдің тәжірибелік жұмыстың бағыттарын белгілеу үшін, олардың Еуропалық Одақтың acquis communautaire сәйкестігі мәніне өмірдің әртүрлі салаларында және институционалдық жүйесіндегі нормаларды аналитикалық тексеруде. Екінші кезеңді көрсетілген бағыттарды тәжірибелік жұмыспен өтеу бойынша шынында келіссөздер құрады. 
2002 ж. желтоқсанға процесс аяқталды және барлық мәселелер жұмыспен өтелді.
2003 ж. наурызда «үйлестіру» процессінің үйлестірушісі орнындағы Г. Василиуді Өкілдер Палатысының бұрыңғы мүшесі Такис Хаджидимитриу ауыстырды.
Кипр"MEDA" (Еуро-жерорта теңіздік серіктестігі), "LIFE" (үшінші елдер – қоршаған орта), "Synergy" (энергия) және "COST" (ғылыми-техникалық ынтымақтастық) сияқты, ЕО осындай жалпы бағдарламалары мен бастамаларында қатысады, сонымен қатар Кипр және де Леонардо" (кәсіби даярлау), "Сократ" (үйрету), "Еуропа үшін жастар" (жастар мәселелері), "МЕДИА II" (аудио көрнекі бағдарламалар) және "Алтыншы Негізгі Ғылыми-техникалық даму бағдарламасы" (ЕО ақпаратты сипатты мәліметтердін көрсетуді қоса алып) сияқты, осындай бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып табылады. Оның Еуропалы Одақтың толық құқылы мүшесі ретінде қатысуы үшін, бұл ұйымның қалған бағдарламалары мен бастамалары ашық.
1977ж. бастап 1995 ж. дейінге кезеңде Кипр мен ЕО-тың арасында жалпы сомасы 210 млн. еуроға қаржылық көмек ұсыну туралы төрт хаттамаға қол қойылды. Бөлінген қаражат инфрақұрылымдық жобаларды, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қосқауымды жобаларды қоса алып, ЕО-тың нормаларына бейімделуде көмек көрсетуді қаржыландыруға пайдаланылды.
Қаржылық хаттамалардың шеңберінен тыс ЕО қосымша Кипрдың бұл ұйымға кіруінің алдын ала стратегиясын іске асыруға 57 млн. еуро бөлді.
Еуроплық, солай және жерорта теңіздік қасиеттерді өзінде біріктіріп, Кипр 1985 ж. бастап ЕО-тың бұл өңірдегі кешендік саясатының басты мазмұнын құрайтын, еуро-жерорта теңіздік серіктестігінің белсенді қатысушысы болып табылады. Еуро-жерорта теңіздік серіктестіктің мақсаттары: 1) адам құқығы мен демократияны құрметтеу кіретін, негізгі қағидаларға базаланатын бейбітшілік пен тұрақтылықтың бірыңғай еуро-жерорта теңіздік аймағын құру; 2) ЕО пен оның 12 жерорта теңіздік серіктестіктерінің арасындағы еркін сауда аймағын бірте-бірте қалыптастыру арқылы жалпы өркендеу ареалын жасау және 3) адами ресурстарды дамыту, еуро-жерорта теңіздік өңірдің мәдениеттерінің өзара түсіністігін және халықтардың жақындасуын өсіру, сондай-ақ еркін және өркендеп келе жатқан азаматтық қоғамды дамыту болып табылады.
Еуропалық Одақ Хельсинки кеңесінің қорытынды құжатына келісімді, Одақ Нато-мен және ЕО-қа кірмейтін, оның басқа мүшелерімен, сондай-ақ ЕО-қа кіруге кандидат-елдермен және дағдарысты басқару жөніндегі операцияларды жүргізу мәселелерінде Одақтың басқа әлеуетті серіктестерімен қажетті сұхбатты, кеңес беру мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін, қолынан келгенің бәрін жасайды. Осы шешімге сәйкес Кипр ЕО-тың әскери қаражатты бөлу туралы міндеттемелері бойынша конференция аяқталу бойынша 2000ж. 21 қарашада Брюссельде болған ЕО 15 елінің және үшінші елдердің қорғаныс министрлерінің бірлескен сессиясының жұмысында қатысты. Бұл кездесуде ЕО-қа кіруге барлық кандидат-елдер және ЕО-қа кірмейтін НАТО мүшелері әскери күшерімен және техникалық құралдарымен нақты қатысуға өздерінің дайындығы туралы мәлімдеді және еуропалық әскери құрылымды жсақтау бойынша нақты ұсыныстар шығарды.
Кипр, ЕО-тың толық құқылы мүшесі ретінде, оның әскери ұйымы – Еуропалық жедел жауап қайтару кұштеріне де кіреді. Аралды қарусыздандыру бойынша жоспардың есебімен, Кипр әскери бөлімдер мен артиллерияны ұсынбайды. Дегенмен, дағдарысты басқару және өңірдегі бітімгерлік операциялар мақсаттары үшін, ол ЕО әскери ұйымымен техникалық қолдауды көрсетеді және оның өкіміне Пафостағы көлік компаниясын, әскери-ауа базасын, азаматтық аэро- және теңіз кемежайларды, телекоммуникацияларды, радарлық жабдықтардың барлау мүмкіндіктерін, медициналық және құүтқару қызметтерін пайдалануды қоса алып, оның өкіміне қосымша қызметтер ұсынады.
2003ж. 9 сәуірде Еуропарламент Кипрдың ЕО-та мүшелігіне өтінімін қанағаттандыру үшін дауыс берді, ал 16 сәуірде Афинада Кипрдың Еуропалық Одаққа кіруі туралы шартқа қол қойылды. Шартқа қоса берілген Кипр бойынша хаттама Түркия басып кірген аралдың солтүстік бөлігінде acquis қолдануды тоқтату көзделді; бірақ, кипрлық шиеленісті реттеген жағдайда, бұл жұмыс қайта басталады. Сонымен қатар, хаттама ЕО «ЕО негізін қалаушы қағидаларымен реттеу жағдайларын келісуге» дайын деп белгіледі және Кипрдың Еуроодаққа кіруі бүкіл киприоттардың игілігіне қызмет етеді деп сенім білдіреді. Осылай, Кипрдың алдында тұрған міндет, грекия-кипрлық жақпен танытылған дайындық пен шешімділікке қарамастан, кипрлық мәселе әлі өз шешімін таппағанмен, орындалды. ЕО кипрлық үкіметпен кеңес жүргізуден кейін, олар онымен және каприот-түріктермен жақындасуға көмек көрсете алатын, шаралар кешенін ұсынды.9 апреля 2003 г. Европарламент проголосовал за удовлетворение заявки Кипра на членство в ЕС, а 16 апреля в Афинах был подписан договор о вступлении Кипра в Европейский Союз. Протокол по Кипру, прилагавшийся к договору, предусматриваел прекращение применения acquis в оккупированной Турцией северной части острова; однако в случае урегулирования кипрского конфликта эта работа будет возобновлена. Протокол также констатирует, что ЕС готов "согласовать условия урегулирования с основополагающими принципами ЕС", и выражает надежду, что вступление Кипра в Евросоюз послужит во благо всем киприотам. Таким образом, задача, стоявшая перед Кипром, была выполнена, хотя кипрский вопрос, несмотря на готовность и решимость, проявленные греко-кипрской стороной, пока не нашел своего решения.
Еуропалық комиссиямен 2003 ж. 3 маусымда ұсынылған ұсынысқа аралдың солтүстік бөлігін экономикалық дамыту, жеке алғанда, 2003 ж. 12 млн. еуро мөлшерінде бөлінген қаржылық көмек бойынша шаралар кірді.
2003 ж. 30 сәуірде Республика үкіметі, өз талабында басып алынған аймақта тұрып жатқан киприот-түріктерге ЕО-қа кіруден пайданы қоса алып, оларды Республика еркін аумақта өз азаматтарына ұсынатын игілікті максималды дәрежеде пайдалану мүмкіндігін беруде меншік шаралар кешені туралы хабарлады. Бұл шарала, әрине, елдің заңдарын, халықаралық құқықты және acquis есепке алады, бірақ басып алынған әкімшіліктің аралдың солтүстік бөлігін тануын мүлдем білдірмейді. 
Киприот-түріктерді қолдау бойынша шаралар кешеніне:
· басып алынған аймақта өндірілген тауарлардың үкіметпен бақыланатын аумаққа орнын ауыстыруын жеңілдету;
· кипрлық заңнаманың және acquis нормаларына сәйкес ЕО пен үшінші елдерге бұндай тауарлардың экспорты;
· үкіметпен бақыланатын аумақта киприот-түріктерді еңбекке орналастыру;
· еркін аумақта киприот-түріктерге медициналық қымет көрсету;
· киприот-түріктердің жергілікті және еуроодақтық парламенттік сайлауда қатысуы;
· киприот-түріктердің шетелде халықаралық спорт және басқа да іс-шараларда қатысуы;
· жобаларды мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің арасында бөлу;
· киприот-түріктердің "Леонардо", "Сократ" және "6-ншы Негізгі бағдарлама" сияқты, ЕО-тың зерттеу және басқа да бағдарламаларында қатысуы;
· атысты тоқтату желісінің екі жағы бойынша жергілікті әкмшіліктердің арасындағы ынтымақтастығы; және
· Кипрдың басып алынған бөлігінде жергілікті деңгейде жобаларды қаржыландыру кіреді.
Еуропалық Одақтың кипрлық проблемасы бойынша позициясы айқын белгіленді: ЕО БҰҰ Кипр бойынша бұрыштамаларға және келісімдерге сәйкес жоғары деңгейде, елдің егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен бірлігін құрметтейтін, шешімі үшін сөз сөйлейді. 1974 ж. түркияның басып кіруінің нәтижесінде қалыптасқан және түркия әскеримен арал аумағының 35% жуығы басып алуы жалғасып жатқанқолайсыз кво-мәртебесі болып саналатын ЕО позициясы Еуропалық Одақтың саммиттерінде, жеке алғанда Дублинде (26.06.90), Лиссабонда (27.06.92) және басқа да жерлерде қабылданған бір қатар құжаттарда жарияланды. Соңғы жылдары ЕО осы позициясы, мысалы, ол Еуроодақтың атынан мына деген, оның төрағасының мәлімдемесінде айтылды (31.10.2000): "Еуропалық Одақ Кипрде туындаған жағдайды қолайсыз деп санайды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті бұрыштамаларының негізінде келісілген, тегіс қамти алатын, әділ және ұзақ мерзімді реттеуге бағытталған, БҰҰ Бас хатшысының күшін қолдайды".
Бұл позиция Ниццада 2000ж. 9 желтоқсанда болған, Еуропалық Одақ саммитының қорытынды құжаттарында да расталды.
Сонымен қатар, Еуропарламент кипрлық мәселе бойынша айқын және орнықты позиция алды. Өзінің 2002ж. 13 маусымдағы бұрыштамасында ол ЕО-қа кіру жалғыз егемен кипр мемлекеті бойынша ғана шешілетін болады деп растады. Еуропарламент "БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұрыштамаларына сәйкес бұл мемлекет қос аймақты және қос қауымды болуы мүмкін, бірақ халықаралық деңгейде ол бірыңғай қызмет ететін субъект болып шығауға және шешім қабылдауға қабілетті, билікті жүзеге асыру жағдайында болуға тиіс деп" атап өтті. Еуропарламент "халықаралық саясат, еуропалық саясат, экономикалық және валюталық саясат, азаматтығы, қауіпсіздігі және қорғанысы мәселелеріндегі саясат үшін жауапкершілік бір жалпы құрылымға жүктелуге тиіс деп" күшті сенімділік білдірді.
Сонымен қатар, "тараптар қандай конституциялық реттеуге келмесе де, acquis communautaire, адамның негізгі еркіндіктері мен құқықтары толық көлемінде сақталуға тиіс және реттеу нәтижесінде туындайтын, acquis кез келген қарама-қайшылықтары ЕО-қа кіруге дайындық процессінің шеңберінде шешілуге тиіс не оларда Еуропалық Одақ негізделген (жеке алғанда, адам құқығы саласында) қағидалардан ешқандай ауытқу мүмкін емес" деп мәлімделді.
Бұдан басқа, 2001ж. 5 қыркүйектегі бұрыштамада Еуропарламент "адамның негізгі еркіндіктері мен құқықтарына кепілдік беретін, бірыңғай халықаралық құқықтық субъектілігімен бірлескен мемлекет, бірыңғай азаматтығымен егемен және бөлінбейтін мемлекет " құруға қолдау білдірді. Сонымен қатар, Еуропарламент "кез келген қолайлы шешім Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесімен қабылданған бұрыштамаларда бұл жазылғандай, халықаралық құқықта негізделуге тиіс" деген, БҰҰ Бас хатышысының көзқарасын растады.
Кипрлық үкімет елдің ЕО-қа кіруі саяси проблеманы шешу жолдарын табуға көмектесуі мүмкін деп сенімді – және бұл пікірге маңызды шарада Еуроодақ өзі қосылды.

1960 ж. 16 тамызда Кипр тәуелсіз Республика болды. Өкінішке орай, БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықтың негізгі ережелерін бұзып, 1974 ж. болған, Түркияның басып кіруінің және аралдың бөлігін жалғасып жатқан басып алудың нәтижесінде Республика ықтиярсыз бөлінген болып қалады. Егемен елдің қырық пайызға жуық аумағының әскери басқыншылығының және кейінгі басып кірудің қайғылы салдарын мемлекеттің – Еуропалық Одақтың жаңа мүшесінің халқы бүгінге дейін сезінеді. Түркиямен басқыншылықтың басынан жүзеге асырылатын әскери басқыншылық, ықтиярсыз бөлу, байырғы халықты ығыстырып шығару, этникалық сегрегация, адам құқықтарын жаппай бұзу, отарлау, мәдени ескерткіштерді бұзу және меншікке заңсыз ие болу, – 1974 ж. бастап аралдағы кво-мәртебе осындай. Еуропалық Одақтың мүшесі болуға тырысып келе жатқан Түркия осы Одақтың мүше-мемлекеттеріне қарсы басқыншылықта кінәлі болып қалады. Кипр аумағының бөлігін шетелдік мемлекетпен сақталып келе жатқан әскери басып кіру және бұл тәуелсіз, егемен елді ықтиярсыз бөлу, әрине, қолайсыз және заттардың бұндай жағдайы халықаралық қоғаммен түзетілуге тиіс.

2006 ж., яғни отыз жылдан астам өткен соң, "кипрлық мәселесі" немесе "кипрлық проблема"деп оны атау қабылданғандай, халықаралық құқықтық тәртіпке қарсы шығуды және өңірлік тұрақтылыққа қауіп-қатерді өзімен көрсетіп, шешімсіз қалады. Түркияның іс-қимылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бұрыштамаларында, БҰҰ Бас Ассамблеясының бұрыштамаларында, Халықаралық Соттың шешімдерінде және басқа да ықпалды халықаралық және өңірлік ұйымдардың шеімдерінде бірауыздан айыпталушылыққа ұшырады. Өкінішке орай, бұл бұрыштамалар мен шешімдердің көбі, сонымен халықаралық институттарға және халықаралық құқықтық және саяси тәртіпке сенімін кетіріп, орындалмаған болып қалады. Бұның нәтижесінде Кипр Республикасы – "қырғи қабақ соғыс" аяқталған уақыттан бастап ықтиярсыз бөлінген және басып алынған Еуропадағы жалғыз ел болып қалуды жалғастырады. Сондықтан, Кипр сияқты, осындай шағын және нашар елде ахуалдың шешілуі өте маңызды.

2004ж. 1 мамырда Кипр Республикасықалаған мақсатына – ЕО-қа бірыңғай ел болып кіруге, өкінішке орай, жетпей, Еуропалық Одаққа қосылды. Дегенмен, Кипрдың үкіметі мен халқы, оларға еуропалық нормаларға сәйкес елдің нақты, бейбіт және қауіпсіз бірігуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, өмірге қабілеттілігін реттеуге бұрыңғыдай тырысады. Тек сонда ғана барлық киприоттар ЕО-тағы мүшелік беретін игілікті сезінуі мүмкін.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 60-ыншы сессиясында (18 қыркүйек 2005 ж.) сөз сөйлеп, Кипрдың Президенті Тассос Пападопулос 2004ж. 24 сәуірде киприот-гректер БҰҰ ұсынылған Кипр бойынша жоспарды жоққа шығарды, неге десең ол "елдің, оның қоғамының, экономикасы мен институттарының бірігуін қамтамасыз еткен жоқ және қамтамасыз ете алмады …" деп атап өтті. Бұдан басқа, Президент өз үкіметінің алғысын "игі істер миссиясы" үшін Кипрдағы Бас хатшыға білдірді және ұзақ бейбіт процесске тартты, ол:
· қандай да бір аралық сотсыз келіссөздердің нәтижесінде жеткен реттеуді жеңілдетті;
· Еуропалық Одақтың келіссөз процессіне белсенді салымына ықпал етті;
· референдумға қос қауымның көшбасшыларымен қолдау тапқан, келісілген реттеу жобасын ғана шығаруға мүмкіндік берді;;
· келіссөз процессіне тыс белгіленген шекті мерзімінсіз табысты дамуға мүмкіндік берді;
· келіссөздердің нәтижелерінде жеткен аралдағы шетел мемлекеттерінің мүдделерін емес, ал алаңдаушылықты жоятын және Кипр халқының күткенін ақтайтын реттеуге қолдау болды; 
· оны іске асыру үшін жақсы емес ұзын ауыспалы кезеңдерсіз, бір бірікке мемлекеттің тұжырымдамасы кіретін, реттеумен аяқталды;
· базалық басқарушылық функцияларды жүзеге асыру үшін айрықша жағдайларды талап етпейтін, қызмет ететін, жұмыс істейтін демократияны қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, Президент Түркияның ЕО-пен жақындасу процессі "оның менталитетін түбегейлі өзгертеді" деп сенім білдірді және осылай, заңның өзінің күшінде, "Кипрлық проблеманы оның кейбір ең қиын құрауыштарынан босатады және реттеуді жеңілдетеді ". Тұжырымдамада Президент БҰҰ бұрыштамаларына, Еуроодақтың aquis communautaire жауап беретін, жоғары деңгейде екі кипрлық қауымдармен қол қойылған, 1977 ж. және 1979 ж. келісімдерге сәйкес қос аймақты, қосқауымды федералдық Кипрге өз ұстаушылығын қайтадан айтты. Барлық ережелер, заңдар, реттеуші актілер, пікірлер мен шарттар және халықаралық құқық.

Тарихи оқиғаларға қысқаша шолу


Тәуелсізділікті жариялаудан бастап 1960–1974 ж.ж. түркияның басып кіруіне дейін.

1960 ж.16 тамызда Цюрих пен Лондонда 1959 ж. көктемде Грекиямен, Түркиямен және Ұлыбританиямен қол қойылған келісімдерге сәйкес Кипр тәуелсіз Республика болды. Киприот-гректердің төрт жылғы көтерілісімен және Грекияның Кипрдың атынан БҰҰ Бас Ассамблеясына бірнеше рет жүгінуімен өмірге шақырылған, сондай-ақ 82-жылдық британдық басқарудың аяқталуын белгілеген бұл келісімдер шынында киприоттарға зорлап міндеттелген. Киприоттар бұл келісімдерге қол қойғанына қарамастан, олардың көшбасшылары аталған құжаттарды даярлауда маңызды роль атқарған жоқ.

Конституцияның басты қағидаларының қарама-қайшылығы үшін, республиканың бейбіт дамуы және егемендігі шетелдік қол сұғушылықпен көп кешікпей бұзылды. Киприот-түріктер бюджетпен және салық салумен байланысты мәселелерді талқылаған кезде, жиі пайдаланған вето құқығы демократиялық үкіметтің жұмысындағы кедергі болды. Сондықтан, 1963ж. қарашада Президент Макариос мемлекеттің қызмет етуін жақсартуға бағытталған, Конституцияға бір қатар түзетулерді талқылауды ұсынды. Түркия биліктері бұл түзетулерді бірден қайтарды, түркиялық-кипрлық басшылық олардың жолына түсті.

1963ж. 21 желтоқсанда түркиялық-кипрлық экстремисттер қауымаралық қақтығысқа ұрындыру үшін, үлкен емес жанжалды пайдаланды. Ерте жоспарланғандай, бұл қақтығыстар киприот-түріктердің Республикасының Министрлер кабинетінен, Өкілдер палатасынан және барлық үкіметтік ұйымдардын шығуы үшін, себеп болды.

1964ж. көктемнің басында Түркияның тарапынан төнерген қауіп-қатердің алдында Республика үкіметі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жүгінді. Қауіпсіздік Кеңесі олардың негізгі қағидалары Кипрда халықаралық қызмет үшін сол кезден басшылық болған, 1964ж. 4 наурыздағы 186 және 1964ж. 13 наурыздағы 187 бұрыштамаларды бірауыздан қабылдады. Бұл:

· БҰҰ Жарғысына сәйкес келісілген реттеудің негізінде бейбіт шешім іздеу үшін, БҰҰ Бас хатшысының "игі істер миссиясы" мекемесі;
· Кипрда бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ Қарулы күштерін құру (UNFICYP); 
· Кипр Республикасының егемендігін және болуының жалғасуын растау;
· Кипр Республикасы үкіметінің мәртебесін растау.

Қауіпсіздік Кеңесінің Кипр Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге және қауіп-қатерден немесе оған қарсы күшті пайдаланудан тартынуға шақыруына қарамастан, 1964ж. тамызда түркиялық әскери-ауа күштері кипрлық ауылдарды бомбалады және сол жылы, сондай-ақ 1967 ж. Түркия басып кірумен қорқытты. 1965ж. 26 наурызда БҰҰ арнаулы өкілі Гало Плаза Кипр бойынша ең маңызды баяндамалардың бірін ұсынды (S/6253). Плазаның баяндамасында халықтың мәжбүрлі орын ауыстыруына тән, бостандықтармен және қаталдығымен байланысты, онда түркия жағы айтқан, федерализмнің функционалдығындағы күмән білдірілді; вето құқығының сәйкессіз азшылығы сынға түсті және азшылықтардың құқықтары халықаралық құжатпен, жеке алғанда Еуропалық Конвенциямен қорғалды. Осы баяндаманы және оның ұсынымдарын Түркия танығысы келмеді.

Кипрдің үкіметі аралда тәртіпті қайта қалпына келтіру бойынша бір қатар шаралар қолданды. Қауымдардың арасындағы зорлық-зобылықты тоқтауға және олардың арасындағы алаңдаушылықты маңызды төмендетуге бағытталған қадамдар жасалды. Сонымен қатар, оларды олардың көшбасшылары Түркиямен бақыланатын анклавқа өтуге мәжбүрлеген, киприот-түріктерді үйге қайтару үшін, үкімет оларға экономилақы ынталар ұсынды. 1968 ж. үкімет БҰҰ қамқорлығымен Конституцияны өзгерту туралы мәселе жөнінде киприот-түріктермен келіссөздерді бастады. Бұл келіссөздер маңызды прогресске жетті және кейбір есептерге келісімді, енді табысты аяқталуға жақындап қалған, бірақ 1974ж. қайғылы оқиғалармен үзілді.

1974ж. Түркиялық басып кіру және оның салдары


1974ж. 15 шілдеде Грекияның басқарушы әскери хунтасы Кипрда оның демократиялы тұрғыда сайланған үкіметке қарсы бағытталған төңкеріс ұйымдастырды. Осы қылмыстық әрекетті сылтау ретінде пайдаланып, Түркия бес күннен соң аралда өз әскериін түсірді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің өтінішіне қарамастан, Түркия, екі кезеңді әскери операцияны өткізіп, Республиканың егеменді аумағының 36,2% басып алды және 142 мыңнан астам киприот-гректерді олардың тұрғылықты жерлерінен қуып шықты. Басып алынған аумақта қалған, тағы 20 мың киприот-гректер, уақыт өте, және де өз үйлерін тастап кетуге және үкіметпен бақыланатын қауіпсіз аумақта баспана іздеуге мәжбүр болды. Басып алынған аймақта, басты Карпасия түбегінде 2005ж. барлығы 500 жуық киприот-гректер қалды.

Түркия орнын ауыстырған киприот-гректерге өз меншіктеріне, үйлеріне қайтуға кедергі жасауды жалғастырды. Бұл олардың адам құқытары жөніндегі Еуропалық Сотқа жүгінуінің себебі болды. Сот Түркиямкен Еуропалық Конвенцияны бұзуы жөніндегі көптеген шешімдер шығарды ("Кипрлық мәселе бойынша сот шешімдері" қараңыз).

Халықтың басқыншылығымен және күшпен орнын ауыстырумен туындаған, экономикалық қараусыз қалушылықтан басқа, басып кірген кезде 4 мыңнан астам адам қаза тапты, ал 1476 киприот-гректек осы күнге дейін хабарсыз кеткен болып саналады. Түркия олардың тағдыры туралы қандай да бір мәліметтер ұсынудан бас тартады.

Түркиялық басып кіру, ол 1974 ж. дейін ең бай және дамыған болған, аралдың сол бөлігінде экономикалық құлдырауды тудырды. Басып алынған аймақта валюта ретінде Түркия инфляцияға ұшыраған түркия лирасын енгізді және түркиялық-кипрлық экономиканы бақылау үшін, өз басқарушыларын аралға әкелді. Түркияның өзінің экономикалық проблемалары және басып алынған аумақтарды Анатолиядан қоныс аударғандарды жүйелі отарлау киприот-түріктерді еуропалық және өзге де елдерге эмиграциялауға мәжбүрлейді. Қазіргі уақытта колонисттердің саны байырғы киприот-түріктердің санын екі есе атады. Тәуелсіз бақылаушылар, жеке алғанда, Альфонс Куко мен Жаако Лааско, тиісті, 1992 және 2003 жж. Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясына проблеманың құжатты дәлелдемелерін ұсынды. Ақырында, аралдың басып алынған аумақтарында ауыр қару-жарақпен жарақтандырылған, 43 мыңнан жоғары түркия әскери қызметкерлері болды.

Халықаралық құқықты және БҰҰ бұрыштамаларын бұзу үшін, Түркия және түркиялық-кипрлық көшбасшылар басып алынған аймақта грекиялық мәдени мұраны жоюға жүйелі тырысады. Қалалар мен ауылдарға түркиялық атаулар берілді, археологиялық қазындылардың жерлері, ғибадатхана мен зираттар тоналды, бүлінді немесе басқа мақсаттарда пайдаланылды ("Кипрлық мәселе бойынша сот шешімдері" қараңыз).

1983ж. қарашада Түркия түркиялық-кипрлық көшбасшылардың басып алынған аймақтың тәуелсіздігі туралы біржақты жар салуына бастамашылық жасады және қолдады. «Солтүстік Кипрдің Түркия Республикасы» («СКТР») деп аталатын, ол осы "республиканы" виртуалды басқаруды жүзеге асыратын, Түркияны қоспағанда, бірде-бір мемлекетпен танылған жоқ ("Кипрлық мәселе бойынша сот шешімдері" қараңыз). БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 541 (1983) және 550 (1984) бұрыштамалары бұл біржақты акцияны айыптады, оны күші жоқ деп жариялады және БҰҰ барлық мүше-мемлекеттерін бұл заңсыз құрылымды танымауға шақырды. ЕО және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар да осындай позицияға ие болды. Халықаралық құқықпен және саясатпен байланысты барлық жағдайларда, халықаралық қауымдастық 1960ж. құрылған Кипр Республикасын және егер осы органдар Түркиямен басып алынған аумақта басқаруды жүзеге асыралмаса да, оның билік органдарын ғана таниды.

1974–2005 ж.ж. келіссөздердің проблематикасы


Кипрлық проблема, әскери басқыншылықпен және жалғасып жатқан басып кірумен байланысты, басқа да мәселелер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен бірауыздан қабылданған тиісті бұрыштамаларға қарамастан, шешілмеген болып қалады. Келіссөздердің, әсіресе 2002ж. 16 қаңтардан кейінгі мақсаты кипрлық проблеманы тегіс қамти алатын реттеуді іздеу болды. Бұл процесстің барысында Кипрдың үкіметі және грекиялық-кипрлық қауымның басшылығы онда демократиялық нормалар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұрыштамалары, халықаралық құқығы. Еуропалық Одақтың заңнамасы және тиісті сот қаулылары көрсетілген шешім табуға тырысты. Келіссөздердің арнаулы мәселелері:
· БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұрыштамаларын және қос аймақты, қос қауымды федерацияны көздейтін, жоғары деңгейде жеткен келісімдерді орындау; 
· тиімді басқару, бірыңғай Республиканы сақтау және оның халықаралық қауымдастығының және Еуропалық Одақтың алдындағы міндеттемелерін орындау үшін тиісті өкілеттіктерге ие, федералдық үкімет кезінде билікті бөлудің жаңа формуласы;
· Бірыңғай егемендігімен және халықаралық аренада өкілдігімен және бірыңғай азаматтылығымен Республика;
· Республиканың тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығының кепілдері және кез келген басқа елмен толық немесе ішінара одақты немесе кез келген бөлу нысандарыннемесе бөлімшелерді болдырмау;
· шетелдік қол сұғушылықты және қол сұғушылыққа біржақты құқықты болдырмау;
· БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының бұрыштамаларына келісімді шетелдік әскерлерді шығару;
· орнын ауыстырыған адамдардың қайтуы және Еуропалық Конвенция мен сот шешімдеріне сәйкес мүлікті қайтару жүйесі;
· мүлік сатып алуға және этникалық немесе діни өлшемдерінде негізделген, шектеу квоталарынсыз тұру құқығы;
· Еуропалық Конвенцияға келісімді барлық киприоттар үшін адамның құқығын толық құрметтеу;
· гуманитарлық жағдайлардың шектелген санын қоспағанда, Түркияға заңсыз қоныс аударушылардың отанынан қайта орлауы;
· Кипр Респібликасының ЕО-тағы міндеттерімен және құқықтарымен кез келген реттеудің үйлесімділігі;
· кипр мемлекетін толық қарусыздандыру болды.

Келіссөздер жолымен шешім іздеу, 1974–2005

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен 1975ж. 12 наурыздағы 367 бұрыштаманы қабылдау нәтижесінде Бас хатшының "игі істер миссиясы" жаңартылды. Содан бері куеліссөздер үзілістермен БҰҰ қомқорлығымен өтті. Олардың ең ұзақ раунды 2000 ж. аяғына келді. Бұдан басқа, Кипр Республикасының әртүрлі президенттерінің және түркиялық-кипрлық көшбасшыларының арасында жоғары деңгейдегі кездесулер, жақындасу утралы келіссөздер өтті, сенім шараларын нығайту бойынша ұсыныстар енгізілді, сондай-ақ БҰҰ мен басқа да шетелдік эмиссарлардың әртүрлі жоспарлары ұсынылды. Бұның бәрі бір қатар себептер бойынша кипрлық проблеманы шешуде көмектеспеді, олардың ішінде:

· БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұрыштамаларын орындамау;
· Кипр мемлекетінің, солай және барлық киприоттардың мүддесіне сәйкес келетін, өмірге қабілетті және функционалды шешімнен үшінші тұлғалардың стратегиялық, экономикалық және саяси пікірлерінің басым болуы;
· Түркияның барлық үкіметтерінің бейымыралы саясаты, олар кипрлық проблема 1974 ж. "шешілді" деп сендіреді;
· түркиялық-кипрлық қауымдағы саяси ахуалы және түркиялық көшбасшылардың СКТР деп аталатынды тану туралы мәселеде табандылығы;
· бейбітшілік процесстегі барлық негізгі шегіну грекиялық-кипрлық тарапынан жасалды деген факті;
· халықаралық құқықты, еуропалық құқықты кипрлық проблеманың ұсынылған "шешімдерінде" өңірлік және ұлттық соттардың үкімінің прецедентін белгілейтін құқықты ескермеу.

1999ж. 20 маусымда БҰҰ Бас хатшысының "игі істер миссиясындағы" прогресстің жоқтығын көріп, "сегіздік" көшбасшылары тараптарды алдын ала шартсыз кездесуге, барлық мәселелерді талқылауға және БҰҰ тиісті бұрыштамаларын және келісімдерді толық орындауға негізделген, реттеуге жеткенше дейін, келіссөздерді жүргізуге шақырды. Сонымен қатар, осы формуланы қолдау үшін, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1999ж. 29 маусымдағы 1250 Бұрыштамасы қабылданды. Бір қатар кезеңдерден өтіп процесс, ол тараптарға 2002ж. қарашада алғашқы рет, ал өзінің соңғы нұсқасында ("Аннан жоспары-5") – 2004ж. наурызда ұсынылған "Аннан жоспары" сияқты белгілі, БҰҰ ұсынысында өз кульминациясына жетті.

БҰҰ қамқорлығымен келіссөз процессі, 2002–2004 ж.ж.


Бұл кезең кипрлық проблеманы тегіс қамти алатын реттеуге жетуге бағытталған "игі істер миссиясының" шеңберінде БҰҰ Бас хатшысының бұдан да аса қуатты күштерімен белгіленді. Барлық алдыңғы, әсіресе 1999 ж. бастап 2000ж. дейінгі әрекеттер Түркиямен қолдау тапқан, түркиялық-кипрлық тарабының Түркиямен басып алынған Республика аумағындағы заңсыз "мемлекетті" тану талабы үшін тығырыққа тығылды.

Грекиялық-кипрлық қауымды білдіретін президенті Глафкос Клиридис пен киприот-түріктердің көшбасшылары Рауф Денкташтың арасындағы 2002ж. 16 қаңтарда басталған тура келіссөздер нәтиже әкелген жоқ. 2002ж. 11 қарашаға тағайындалған, Копенгагендегі ЕО саммитінің басына келісімге қол қоюды қамтамасыз ету әрекетінде БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан 2002ж. 11 қарашада тегіс қамти алатын реттеудің егжей-тегжейлі жоспарын ("Аннан жоспарын-1") ұсынды. Тараптардың әрекеті белгілі болған соң, жоспар екі қайта –2002 ж. 10 желтоқсанда ("Аннан жоспары-2") және 2003ж. 26 ақпанда ("Аннан жоспары-3") қаралды.

Қос қауымның көшбасшылары оның соңғы ұсыныстарын бөлек және бір уақытта өткізілетін референдумдарға шығаруға дайын ба, айқындау үшін, Бас хатшы Гаагада 2003ж. 10 және 11 наурызда кездесу өткізу туралы өтінішпен оларға жүгінді. Осы орынға 2003 жылғы ақпанда сайланған, Кипр Республикасының жаңа Президенті Тассос Пападопулос киприоттарға толық құқықтық және саяси реттеу құрылымы қарауға ұсынылатын болатын жағдайы кезінде кездесуге келісті, Грекия мен Түркия өмірге маңызды қауіпсіздік мәселелері жөнінде келісімге жетті деп және референдумға дейін жаппай науқанды талқылау және өткізу үшін, жеткілікті уақыт қалады. Түркияның пәрменді қолдауы кезінде түркиялық-кипрлық жақ Бас хатшының ұсынысын қабыл алмады.

2003ж. 14 қаңтарда және 26 ақпанда аралдың басып алынған аумағында Анкарадан қолдау тапқан, жаппай әрекеттер болды. 2003ж. 16 сәуірде Кипр Республикасы, күтілгендей, ЕО кіру туралы шартқа қол қойды.

2003ж. 23 сәуірде, киприот-түріктердің өсіп келе жатқан жалқы халықтық оппозицияға және түркиялық-кипрлық жағының БҰҰ ұсынысына ("Аннан жоспары-3") теріс жауабымен туындаған халықаралық қысымға жол беріп, Түркия және кипрлық түріктердің көшбасшылары атысты тоқтату желісі арқылы грекиялық және түркиялық киприоттардың қозғалысына 1974 ж. енгізілген шектеулерді ішінара алуға мәжбүр болды. Содан бері, мыңдаған киприот-гректер мен киприот-түріктер бұл желіні жүйелі өтті. Бұдан басқа, мыңдаған киприот-түріктер бұны күнделікті істейді: біреулері еркін аумақта жұмыс істейді, басқалары Кипр Республикасының биліктерімен берілетін төлқұжатты және өзге де құжаттарды рәсімдеумен айналысады, үшіншілер тегін медициналық көмек алады. Мұндай бейбіт ауысу түркиялық насихатпен жылдар бойы таратылған қос қауым бірге тұралмайды деген мифты бұзды. Бірақ – және бұл сірә, – аталған шаралар тегіс қамти алатын шешімді ауыстырмайды.

АҚШ үкіметі грекиялы-кипрлық жақтың "Аннан жоспары-3" және 2004ж. Вашингтонда Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайиппен кездесулерде туындаған консенсустың негізінде жаңа келіссөздерде қатысуға дайындығында дивидендтер табу тілегімен жанды. Сонда Құрама Штаттар БҰҰ Бас хатышысы Кофи Аннанды Нью-Йоркте келіссөздерді қайта қозғауға шақыруға сендірді.

2004ж. 13 ақпанда тараптар "Аннан жоспары-3" параметрлерінің шеңберінде болған өзгерістер бойынша игі еркіндік рухындағы келіссөздер Никосияда басталады деп келісті. Егер келіссөздер тұрған жерінен жылжи алмаған жағдайда, процесске Грекия мен Түркияны қосқаннан кейін де, Кофи Аннан, өз қалуы бойынша, Кипрда бөлек және бір уақытта өткізілетін референдумдарда қос қауымға ұсынылуға тиіс құдаттың мәьінін аяқтайды.

БҰҰ Бас хатшысының "игі істер миссиясында", ол 1964 ж. ойластырылғандай, маңызды өзгеріс болды. Келіссөздердің жаңа раундарының алдын ала талаптары ретінде, ол Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатынсыз, өзіне төрешінің ролін алды. Осы формуланы қабылдап, грекиялық-кипрлық жақ Хатшылық БҰҰ маңызды қағидаларына өз әділдігі мен бейілділігін сақтайды деп болжаған. Бірақ ол бұлай болмады. 2004ж. наурыз айының аяғындағы Бюргенштоктағы (Швейцария) кездесу уақытына Хатшылық кипрлық проблема бойынша Түркияның көптеген позицияларын қолдаған, келіссөз процессінің әділетсіз қатысушысына айналды.

Келіссөздердің өте тығыз мерзімдерімен және Түркияның ымырасыздығымен үйлесімде БҰҰ Бас хатшысы ролінің өзгеруі Никосиядағы, солай және Бюргенштоктағы келіссөздерде маңызды нәтижелер болмауына себеп болды. Түркияның келісімін алу үшін, барлық оның талаптары бұұ-ның екі жоспарына ("Аннан жоспары-4" және "Аннан жоспары-5") еркін енгізілді. 2004 жылғы 31 наурызда "Аннан жоспары-5" екі тарапқа да ұсынылды. Түркия мен БҰҰ Еуроодаққа келіссөздерде, ЕО "Аннан жоспары-5" орын алған, еуропалық заңнамадан ауытқу проблемасын ретке салу міндет алса да, бақылаушының мәртебесін ғана беруге келісті. Бас хатшының жоспары шамамен көлемі 10 мың бет құжатты өзімен білдірді (http://www.cyprus-unplan.org/). Бұл кешендік құқықтық құжат референдумның алдында соңғы сағаттарына шейін Интернетте БҰҰ сайтында толық ұсынылмады. Киприоттарға 2004 ж. 24 сәуірде, яғни 1 мамырға – Кипр Республикасының ЕО-ққа кіру күніне дейін бар болғаны бірнеше күн қалғанда осы құжатқа өз қатынастарын білдіру ұсынылды.

2014 жылғы 11 ақпанда Кипр Республикасының Президенті Никос Анастасиадис және түркиялық-кипрлық қауымның көшбасшысы Дервиш Эроглу кипрлық проблеманы шешу негізі (қос аймақтық қос қауымдық федерация), сондай-ақ келіссөз процессін жүргізу әдістемесі расталған Бірлескен өтініштің мазмұнын келісті.
Түркиямен Кипр Репсбуликасының айрықша экономикалық аймағының (АЭА) шегінде сейсмикалық барлауды заңсыз жүргізу қос қауымдық арасындағы келіссөздердің 2014 жылғы қазанда тоқтатылуына әкеліп соқты. Түркияның белгіленген әрекеттері олар теңіз құқығы және кәдімгі құқықтың тиісті нормалары бойынша БҰҰ Конвенциясында бекітілгенсияқты, сол түрінде, өз айрықша экономикалық аймағымен және қайраңымен Кипр Республикасының егеменді құқықтары мен юрисдикциясын қатал бұзу болып табылды.
2015 жылғы тамызда түркиялық-кипрлық қауымның көшбасшысы болып Мустафа Акинджи сайланған, ал Түркия Кипрдың АЭА-да заңсыз сейсмикалық барлауды тоқтатқан соң, 2015жылғы 15 мамырда қауымаралық келіссөздерді қайта қозғау туралы келісімге жетті.
Содан бері, келіссөздер тым позитивті және қолайлы атмосферада болып жатыр, ал тараптар мембасқаруды бөлумен және ЕО өкілеттіктерін, меншігін, экономикасын бөлумен байланысты, бір қатар маңызды мәселелер бойынша белгілі түсіністікке жетті. Осы мәселелер бойынша әлі де маңызды келіспеушіліктер бар, сол уақытта белгілеуші маңызы бар екі тақырыптар кешені, ал атап айтқанда аумақтық қайта құру және қауіпсіздік, сондай-ақ кепілдіктер және принципшіл маңызы бар және кипрлық проблеманы тегіс қамти алатын реттеудің ажырамас элементі болып табылатын өзге де сәттер әлі де талқыланған жоқ.
2016 жылғы 8 маусымда қос көшбасшы мақсатты және терең пікірсайыс арқылы тез прогресске жету үшін, жуық арадағы айлардың ішінде күшті қарқындатуға келісті.
Келіссөз процессінің табысты нәтижесінің қажетті алғышарты бұл ел аралда орналасқан 40-мыңдық әскери контингент арқылы басып алынған аумақты және түркиялық қоныс аударғандардың бақыланбайтын ағымын, сондай-ақ басып алынған аумақтың Түркиядан маңызды экономикалық тәуелділігін бақылайды деп, сол фактіні есепке ала отырып, Түркияның нақты және маңызды үлесі болып қалып тұр.
Кипр Республикасы Түркия қазіргі позитивті ахуал беретін мүмкіндікті пайдаланады және барлық каприоттардың мүдделерін, сондай-ақ Шығыс Жерорта теңізі өңіріндегі тұрақтылық пен амандық мүдделерін назарға алып,өз келіспейтін позициясынан бас тартады деп күтеді. Бұл үшін Түркияға елдің бірілігін қамтамасыз етіп, Кипр аумағындағы заңсыз басып кіруді дереу тоқтату, барлық киприоттардың гуманитарлық құқықтарын қайта қалпына келтіру және құрметтеу керек.




    2004ж 24 сәуірдегі референдум – халықтың еркі


    Белсенді қоғамдық талқылаудан кейін грекиялық-кипрлық сайлаушылардың көпшілігі – 75,8% – "Аннан жоспары-5" қабыл алмады, сол уақытта түркиялық-кипрлық сайлаушылардың 64,9%, кері, жоспарды мақұлдады. Түркиялық-кипрлық қауым дауысының маңызды пайызы Түркия колонисттері құрағаны есте қаларлық.

    Грекиялық-кипрлық "жоқ" бірлестікке немесе татуласуға қарсы сөз сөйлеу ретінде бағаламау керек. Бұл процессті қабылдамауды білдіреді, ол грекиялық-кипрлық қауымның заңды құқықтары және тұтас алғанда Кипр мемлекетінің аман қалуы үшін қолайсыз ретінде қабылданған біржақты реттеуге әкеледі. Бұл жоспарды қабылдаумау болып табылды, ол Кипрдың, оның халқының және оның экономикасының шынайы бірігуін қамтамасыз етпеді. Барлық жастағы, екі жынысты киприот-гректер және барлық саяси партиялар теріс жауап берді.

    Жоспар бойынша киприот-түріктердің оң жауабын жеңіл түсіндіруге болады:
    · Рауф Денкташтың авторитарлық саясатын қабыл алмаумен;
    · ЕО мүшеліктен экономикалық пайданы дәмеленумен және киприот-гректердің тарабынан экономикалық қолдаумен;
    · киприот-түріктердің заңсыз "мемлекетті" тануға сенімімен;
    · Түркиядан барлық колонисттердің қасы түркиялық-кипрлық мемлекеттік құрылымда заңды тұруын тануға сеніммен;
    · Кипрда түркиялық әскердің тұрақты болуын заңдастырумен;
    · Түркияның Кипрге басып кіру құқығын заңдастырумен.

    Киприот-гректердің теріс жауабын түсіндіретін заңды себептердің арасында:
    · келіссөздердің тұрақты мерзімдерін, күрделі құқықтық құжатты талқылау үшін уақыттың мүлдем жоқтығын және БҰҰ жоспарын киприот-гректер қабылдмаған жағдайда, келіссөздердің кейбір қатысушыларының тарапынан, айқын немесе жасырын қауіп-қатерлерді;
    · барлық киприоттарды, сол уақытта Кипрда тұратын басқа мемлекеттердің өкілдері Конвенциядан туындайтын барлық өз құқықтарын пайдаланған кезде, негізгі құқықтарынан айырған Еуропалық Адам құқықтары жөніндегі конвенциядан маңызды шығаруды;
    · халықаралық аренада танылған Кипр Республикасы "жоғалып кетті " және үлкен автономияға ие екі мемлекеттің аморфтық конфедерациясымен ауыстырылды;
    · жаңа мемлекеттің функционалдығы биліктің атқарушы, заң шығару және сот тарауларының өкілеттіктері өзгерді және вето құқығын пайдалану үшін, азшылығының мүмкіндіктерін кеңейту үшін сұрақтың астында болды. Кипр халқына жатпайтын үшінші тұлғалардың басты саяси мәселелер жөнінде шешу дауыстары болды;
    · ұсынылған конституцияның конфедеративтік тәні заңдардың баспалдақтарына қамтамасыз етусіз көрсетілді, ол ұсынылған жаңа мемлекеттік құрылымның айыру тәнін тереңдететін юрисдикцияның шиеленістеріне әкеліп соқтырады;
    · тараптармен, жеке алғанда Түркиямен, өздеріне алынған міндеттемелер орындалады деген тиісті кепілдіктердің болмайды;
    · ұсынылатын реттеумен (бірігу, қайта құру, жоғалтқан меншіктің орнын толтыру, колонисттарға өтеу, ақшалай саясат) байланысты шығыстар басты түрде, киприот-гректермен төленеді ме. Оның нәтижесінде арал бөлінген, әскери басқыншылықтың нәтижесінде Түркия Кипрдағы өз әрекеттері үшін, кез келген қаржылық жауапкершіліктен босатылды ма;
    · қауіпсіздік мәселелеріне оларды ұдайы қысқартқан кезде ғана, бірақ Түркия ЕО-қа қосылғаннан кейін де, қол сұғуға кеңейтілген құқықтарымен, түркиялық әскердің жалғасып жатқан болуы кіреді. "Бірлескен" Кипр жалпы еуропалық қорғаныс саясатынан шығарылды және толық қарусыздандырылар еді. Түркиямен ұсынылған кепілдіктер мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпау және олардың аумақтық тұтастығын құрметтеу міндеттемесін бұзды;
    · азаматтылықты белгілеу мәселелерін және Түркиядан келген барлық колонисттердің қасы Кипрда қалуы фактін;
    · жоспар мүліктік қамтамасыз ету Еуропалық Конвенциядан туындайтын маңызды құқықтарды бұзды және Еуропалық Соттың үлгілі істерінің маңызды мәнін жоққа шығарды;
    · жоспар Ұлыбританияның оның егемен әуе базаларында және Республиканың аумақтық суларында құқығын кеңейтті;
    · жоспар Кипр Республикасымен 1936ж. Монтрё Шартының ратификациясын заңсыз қылды (Кипр ірі теңіз мемлекеті болып табылады). Бұл және де Түркияға континентальдық қайраңмен байланысты мәселелерде вето құқығы сияқты құқығын берді;
    · жоспар киприоттардың меншік сатып алуға және бұл этникалық және нәсілдік қатарына жатуда және дінде негізделген шектеу квоталарынсыз, ЕО елдерінің басқа халықтарына рұқсат етілгендей, олар қайда тұрғылары келеді, сонда тұру құқығын жоққа шығарып, Еуропалық Конвенцияны бұзды деп атап өтуге болады.

    Ақыры, жоспар қабыл алынбады, неге десең киприоттардың көбімен грекиялық және түркиялық киприоттардың жалпы мүдделері үшін ең жақсы емес ретінде бағаланды. "Соңғы күні жоспардың соңғы нұсқасында Түркияның барлық талаптары қабылдауына қарамастан, киприот-гректерді алаңдатқан негізгі мәселелер елеусіз қалды" деп түсінідіріп, "Жалғыз, жоспардан нақты ұтушысы, Түркия болды", – деп референдумнан кейін, Президент Пападопулос мәлімдеді. Келіссөздерге тартылған барлық тараптар Түркияны "кетіп бара жатқан поездға" "отырғызуға" және түркиялық-кипрлық қауымның дауыстарымен оң нәтижені қамтамасыз етуге тырысты және бұданда көп ірі грекиялық-кипрлық қауымды "жақтаушылар" жоспары бойынша дауыс беруге сендіру және де керек деген фактін елемеді. Сөйтіп, бұл процессте екі жақтың заңсыз алаңдауы, қажеттіліктері мен мүдделері есепсіз қалды".

    Реттеу келешектері


    БҰҰ соңғы күштері кипрлық проблеманы шешпеуіне қарамастан, өткен референдум – "бұл жолдың аяғы емес". Президент Пападопулос мәлімдегендей, "референдумның нәтижесі бұдан әрі бөлу үшін себеп ретінде емес, ал біріктіруші катализатор ретінде әрекет етуге тиіс". Киприот-гректер және Республика үкіметі Еуропалық Одақтың шеңберінде барлық киприоттар үшін қауіпсіз болашақты және барлық азаматтар үшін гүлденуді қамтамасыз ететін және адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін құрметтеуге кепіл болатын шешімдерге қол жеткізуге нақты ниеті бар.

    Халықаралық қоғадастықта көбі "Аннан жоспары-5" және ол кипр мемлекетінің және оның азаматтарының болашағында қалай көрінеді, сонымен егжей-тегжейлі таныс болған жоқ. Сондықтан, көбі референдумның қорытындысына көңілдері толмағаны таң қаларлық емес. Бірақ, халыққа ұсынылған жоспар оны қос қауыммен қолдауға мүмкіндік бермегені расында қапалы және жағымсыз болды. Сол уақытта басқа тараптар кипрлық проблеманы тез жай "шешкісі" немесе "жапқысы" келді, киприот-гректер әрқашан ол уақыттың сынағын өткен, тегіс қамти алатын, конструктивті және өмірге қабілетті реттеуге жетуге көндірді. Бұл ретте, реттеу әділ болуға және ол кімнің мүддесін қозғайды, дәл осылай адамдармен қабылдануға тиіс. Демек, егер бұл адамдардың заңды мүдделеріне шешім жауап бермесе, ол қабылданбайды, ол оларға 2004 жылғы 24 сәуірде ұсынылған жоспарды қабыл алмаған киприот-гректермен болған жағдайда болды. Кипр үлкен емес және нашар мемлекет болып табылатын, сол факті барлық киприоттардың оларға Еуропалық заңнамаға және Еуропалық Конвенцияға келісімді Еуроодақтың басқа халықтары ие негізгі құқықтарына кепілдік беруге, сондай-ақ эникалық немесе діни белгілері бойынша кемсітушілікті болдырмауға қажеттілікті бұдан әрі асқындырады.

    2005ж. мамырда Республика Президентінің жеке өкілі Нью-Йоркта БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелері жөніндегі орынбасары Кьеран Прендергаст мырзамен кездесті. Әңгемелесу барысында олар Бас хатшының «игі істері миссиясы» шеңберінде кез келген келешек келіссөздердің рәсімі мен мазмұнына Республика үкіметінің көзқарасын қарады. Бұл кездесулерден кейін, 30 мамыр 7 маусым аралығындағы кезеңде бұдан әрі кеңес беру үшін, Прендергаст мырза Кипрға, Грекия мен Түркияға келді. 22 маусымда Бас хатшының маусымы Қауіпсіздік Кеңесіне өз баяндамасында "өте абай болып ақылмен әрекет ету" орынды болады және БҰҰ Бас хатшысы "келешекте" игі істер миссиясы туралы" ойлауды жоспарлайды" деп көрсетті. Келіссөздерді қайтадан бастауды мүмкін қалытан, түйісу жерлері әлі туындамағаны анық болды.

    2005ж. 16 қыркүйкте кипрлық проблеманы шешуге бағытталған, БҰҰ күштерін жаңғыртуды даярлау себебі бойынша пікірлерімен алмасу үшін, Президент Т. Пападолулос Нью-Йоркте Бас хатшымен кездесті. 2005ж. 31 қазанда Бас хатшы және де киприот-түріктердің көшбасшысы Мехмет Али Талатпен кездесті. 2005ж. 20 қарашада Қауіпсіздік Кеңесіне өз баяндамасында Бас хатшы бұл қос көшбасшы, көптеген басқа елдердің өкілдері сияқты, оны "игі істер миссиясы" мәнмәтінінде жаңа келіссөздердің мүмкіндігін қарауға түрткі болды деп атап өтті. Бұдан әрі ол Президент Пападопулос "согласился с тем, что для начала следующего раунда переговоров они должны быть хорошо подготовлены" деп мәлімдеді. "Тегіс қамти алатын реттеуге жету ғана кипрлық проблеманы толық шешеді" деп өз сенімділігін тағы да бір рет білдіріп, БҰҰ бас хатшысы, дегенмен, Кипрда оның "игі істер миссиясымен" ғана айналысатын өкілін тағайындауға әлі уақыт келген жоқ деп және қайтадан басталатын келіссөздер үшін талаптарды "келешекте анықтау қажет" деп байқады. Осы мақсатта ол Хатшының жоғары тұрған қызметкерлерімен және Кипрдағы БҰҰ Миссиясының басшысымен жүзеге асырылатын, бұл өңірдегі арнаулы миссиялар арқылы ахуалмен танысуды жалғастырды.

    2006 ж. 28 ақпанда кездесуден кейін жасалған, баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемеде айтылғандай, "Кипрдағы жағдайда талдау және аралдың қайта қлпына келуіне әкелетін процесстің даму мүмкіндігін зерделеу" үшін, Президент Пападопулос Парижде Бас хатшымен кездесті.

    Сонымен қатар, мәлімдемеде кездесудің қатысушылары БҰҰ Бас хатшысының "игі істер миссиясы" шеңберінде келіссөздер процессін жаңғырту" уақтылы және жете дайындықта негізделген болуға тиіс деп, сол туралы өз алдын ала келісімін растады деп көрсетілді. Бұл ретте, "Осыған бйланысты Бас хатшы қос қауым көшбасшыларының олар бойынша келісімі барлық киприоттардың игілігі үшін қажет, бір қатар мәселелерді техникалық деңгейде қос қауымдық талқылауды жүргізу туралы келісімі фактімен қанағаттандырылды " деп белгіленді. Бұдан әрі "бұл талқылаулар екі қауымның арасындағы сенімді қайта қалыпна келтіруге көмектеседі , сондай-ақ келіссөз процессін тез және толық қайта бастау үшін жолды даярлайды деп, соған олардың жалпы сенімі " білінді.


    Анкарадан қолдау табатын, түркиялық-кипрлық көшбасшылар "Солтүстік Кипрдың Түркия Республикасы" («СКТР») деп аталатын, оны нақты тануды қамтамасыз ету үшін, "Аннан жоспары-5" бойынша плебисцитінде кипрлық түріктердің дауыс беруінің оң нәтижелерін пайдалануға тырысты. Олар және де өз әрекеттеріне халықаралық қолдауға жету үшін, түркиялық-кипрлық қауымының "экономикалық оқшаулануының және теңсіздігінің" аяқталуының гуманитарлық аргументін пайдалануға тырысты. Бас хатшымен бұрын жасалған мәлімдемелерге келісімді, "Аннан-5 жоспары" бөлек және бір уақытта өткізілетін референдумдарда екі тараппен ол мақұлданған жағдайда ғана орындауға келтіріледі. Басып лынған аумақтардың де-фактосын тануға ықпал ететін кез келген қадамдар өңірлік тұрақтылықты бұзар еді және Кипрдың бірігуіне әкелер еді.

    Басып алынған аумақтардың экономикалық артта қалушылығы – шындық, бірақ мүлде Республика үкіметі немесе грекиялық-кипрлық қауым қызметінің нәтижесі емес. Еуропалық Соттың шешімдері ("Кипрлық мәселе бойынша сот шешімдері" қараңыз) басып лынған аумақтан экспортқа шектеулер салды. Бұдан басқа, Түркия колонистер аралына көшірді; 1983 ж. Түркия басып алынған аумақтарда ешқандай құны жоқ түркиялық лираны валюта ретінде енгізді; басып алынған аумақтың экономикасын басқару үшін, Түркия аралға түркия шенеуніктерін жеткізді. Түркиялық-кипрлық көшбасшылар өз заңсыз режимін нақты тануға жету әрекеттерінде ЕО көмегін және сауданы реттейтін нормалар мен ережелерді енгізуді және де қабыл алмады. Киприот-түріктердің саяси және экономикалық оқшаулануы – бұл Кипрды және ел экономикасын ықтиярсыз бөліп қстайтын, түркиялық басқыншылықтың нәтижесі. Сонымен қатар, бұл Түркияның мүддесін өз қауымының және тұтас алғанда Кипрдың есебі арқылы жүйелі ұшыратқан, түркиялық-кипрлық көшбасшыларының қате саясатының нәтижесі.

    2004ж. 17 желтоқсанда Кипр Республикасының қолдауымен Еуропалық Кеңес Түркияны 2005ж. 3 қазаннан ЕО-қа кіру туралы келіссөздерді бастауға шақырды. 2005 ж. 29 шілдеде Түркия, оны белгілен тәртіп талап ететіндей, оның әрекетін ұйымның он жаңа мүщесіне таралуын көздейтін Кедендік одақ туралы келісімге Хаттамаға қол қойды. Бірақ, Түркия қол қойылған құжаттар рсми Анкарамен Кипр Репсбуликасын егемен мемлекет ретінде қабылдауды білдірмейді, СКТР деп аталатын, оның қарым-қатынастарындағы, Түркиямен басып алынған Кипрдың аумақтарында заңсыз режиммен қандай да бір өзгерістерді болжамайды деп мәлімдеді. Бұдан басқа, Түркия оның кемежайларына, әуежайларына және әуе дәліздеріне, Кипр Республикасының ұшақтары мен теңіз кемелеріне қолжетімділіктен бас тартуды жалғастыруда. Түркия, ЕО-қа кіруге кандидта-мемлекет оның, Түркияның келешегі туралы, бұл ұйымға қосылу мәселесі жөнінде дауыс беретін ЕО мүшесінің бірін танудан бас тартқан кездегі бұл қиын және жалпы нопмадан ауытқыған ахуал түзетуді қажет етеді. Түркияның Кипр бойынша міндеттемелері ЕО 2005ж. 21 қыркүйектегі Декларациясында анық тұжырымдалды және ЕО пен Түркияның арасындағы серіктестік туралы 2005ж. 13 желтоқсандағы қайта қаралған құжатта қайталанды. Демек, енді Анкара Хаттамаға және Кипрмен қарым-қатынстарды қалпына келтіруге қатысты, ЕО алдындағы өз міндеттемелерін жүзеге асыру жоспарын әзірлеуге жіне ұсынуға тиіс. 

    Кипрлық мәселе жөніндегі сот шешімдері

    Батыс Еуропада, АҚШ пен Ұлыбританияда өңірлік немесе ұлттық соттармен шығарылған шешімдерде Түркияның 1974 ж. басып алуының және Кипрды жалғасып жатқан басып кіруінің салдарынан маңызды және объективті айғақтары бар. Олар және де Кипр Республикасының және оның мемлекеттік билік органдарының заңдылығын растайды. Бұл шешімдер кипрлық проблеманың кез келген келешек тегіс қамтитын шешімі үшін маңызды негіз құрайды.

    · "Кипр Түркияға қарсы" (6780/74) және (6950/75) – Еуропалық Адам құқықтары жөніндеі комиссия, 1976 ж.
    Комиссияның қосымша баяндамасында (1976) Түркия Еуропалық Конвенцияның 31 бабының (ескі редакциясы) қағидаларына келісімді, 2 бапты ("Өмір сұруге құқығы"), 5 бапты ("Еркіндікке және жеке дербес құқықтылыққа құқығы "), 8 бапты ("Жеке және отбасылық өмірін құрметтеуге құқығы"), 13 бабын ("Құқықтық қорғаудың тиімді құралдарына құқығы") және № 1 хаттаманың 1 бабын ("Меншікті қорғау") бұзуда кінәлі болып танылды. 1979 ж. 20 қаңтарда Министрлер комитеті дауды шешуге әкелетін, қауымаралық келіссөздер арқылы адамның құқықтарын қорғауды күшейтуге шақыратын, Бұрыштаманы DH (79) мақұлдады.

    · "Кипр Түркияға қарыс (8007/77) және (6950/75) – Еуропалық Адам құқықтары жөніндегі комиссия, 1983 ж
    Еуропалық Конвенцияның 31 бабының (ескі редакциясы) қағидаларына келісімді, Комиссия Түркияны 5 бапты ("Еркіндікке және жее дербес құқықтылыққа құқығы "), 8 бапты ("Жеке және отбасылық өмірін құрметтеуге құқығы ") және № 1 хаттаманың 1 бабын ("Меншікті қорғау") бұзуда кінәлі болып танылды. 1992 ж. 2 сәуірде Министрлер комитеті Комиссияның баяндамасы бойынша Бұрыштаманы DH (92) мақұлдады және 1983 ж. баяндаманы жариялады.

    · Кипрлық Автокефальдық Православие Шіркеуі "Голдберг энд Фельдман Файн Арт Инк." қарсы болды, 917F.2d 278, АШТ 7-нші округінің апелляциялық соты, 1990 ж. 24 қазандағы шешім.
    Федералдық округтің Апелляциялық сот өз шешімімен Индианаполистың федералдық аудандық сотының 1989ж. 3 тамыздағы үкімін бекітті. Кипрдың басып алынған бөлігінде Канакарии шіркеуінен ұрланған, VI ғ. мозаикаларға ие болу факті бойынша іс ашылды. Мозаикалар көне заттармен маманданатын, түркиялық контрабандашылармен шетелге шығарылды және американдық өнер туындыларын сатушыға 1,2 млн. АҚШ долларына сатылды. Мозаикалар олардың заңды иеліс, Кипр Шіркеуіне қайтарылды. Осы шешім АҚШ-та мәдени меншікті қорғаудың маңызды үлгілі ісін жасады. Түркия ЮНЕСКО-ның мәдени меншікті қорғау жөніндегі 1954 және 1970 жж. Конвенцияларды ратификациялауына қарамастан, ол вандализмды, түркиялық әскермен бақыланбалы аумақта грекиялық-кипрлық мәдени мұраның заттарын бұзуды және ұрлауды тоқтату үшін, азғана ғана нәрсе істеді.

    · Еуропалық Қоғамдастықтардың Соты – С-439/92 іс, 5 шілде 1994 ж.
    Сот Еуропалық Қоғамдастықтың мүше-мемлекеттерімен Кипр Республикасының құзыретті ұйымдарымен берілген, Кипрдан импортталатын ауыл шаруашылық өнімге фитосанитарлық сертификаттар ғана қабылданатын болады деп қаулы етті. Сот қаулысы Кипр Республикасы Еуропалы Қоғамдастықпен танылған жалғыз кипрлық мемлекет болып табылады деп растады. Кипрдан импортталатын жүкке түркиялық-кипрлық "билік органдарымен" берілген фитосанитарлық сертификаттар заңды деп саналмайды, неге десең бұндай "нысан, Кипрдың солтүстік бөлігінде құрылған сияқты,.. не Қоғамдастық, не мүше-мемлекет болып танылмайды".

    Еуропалық Қоғамдастықтардың Соты Ұлыбританияның Жоғары Сотының өтініші бойынша Біріккен Әмірлікте тіркелген, цитрустық жемістер мен картоптың кипрлық экспортерлерінің ісін зерттеді. Жоғары Сот ЕО пен Кипрдың арасындағы Қауымдастығы туралы 1972ж. келісімдегі және ЕС 77/93/ЕЕС Кеңес Директивасындағы тиісті мәселелердің анықтамасын сұратты. Ұлыбританияның Жоғары Соты Еуропалық Қоғамдастықтар Сотының 1994 ж. шешімін растады. Осы маңызды шешіммен оның Еуропалық Қоғамдастықпен қарым-қатынасына қатысты, аралдың барлық аумағында Кипр Ресубликасының егемендігі танылды.

    · "Лоизида Түркияға қарсы" – Еуроплық соттың адам құқықтары жөніндегі 1996ж. 18 желтоқсандағы және 1998ж. 28 шілдедегі қаулылары
    Еуропалық Адам құқықтары жөніндегі сот өтініш беруші, Титина Лоизида ханым, Кипр Республикасының азаматшасы, түркиялық әскермен басып алынған аймақта орналасқан меншіктің заңды иесі болып табылуды жалғастырады деп қаулы етті. Сот үш үкім шығарды: 1995 ж. 23 наурызда (алдын ала қарсылық білдіру); 1996 ж. 18 желтоқсан (мәні бойынша); 1998 ж. 28 шілде (шағымды қанағаттандыру). Осы үлгілі істі жасайтын қаулыда Сот Түркияны басып алынған аумақта биліктің саясаты және әрекеттері үшін жауапты басым алушы мемлекет ретінде белгіледі. Түркиялық-кипрлық "билік органдары" "Түркияға бағынышты жергілікті әкімшілік " ретінде белгіленді.

    Түркия талапкерге оның меншігіне қолжеткізуден ұдайы бас тартқаны үшін және бұл меншікті өтемақысыз экспроприациялау ниеті үшін Конвенцияның № 1 хаттамасының 1 бабын бұзғаны үшін кінәлі болып танылды. 1998 ж. 28 шілдеде Сот Түркияны Лоизида ханымға келтірілген залал үшін өтемақы төлеуді міндеттеді. Түркияның сот шешімін орындаудан бас тартуы Еуропа кеңесінің Министрле комитетінің қаулыларында тіркелді. Бұл қаулыларда Түркияның бағынбау себебі бойынша өтініш білдірілді, онымен Конвенцияны қабылдау және Сотта міндетті қаралу міндеттілігі туралы ескерту болды. Кеңеске орындаушылық дәрежесін арттыру үшін тиісті шаралар қолдану ұсынылды. ЕО-қа кіруге өз өтініміне құатысты шешім күтіп отырған Түркия 2003ж желтоқсанда Титина Лоизидаға 641 мың кипрлық фунт (шамамен 1,5 млн АҚШ долл.) төледі.

    · "Кипр Түркияға қарсы" –№ 25781/94 шағым, Еуропалық Адам құқықтары жөніндегі соты, 10 мамыр 2001 ж.
    Бұл – Кипр Республикасының үкіметімен Түркияға қарсы берілген талаптары бойынша алда келе жатқан шешім. Осы шешім Конвенцияның (10 шілде 1976 ж. және 4 қазан 1983 ж.) 31 бабының (ескі редакциясы) қағидаларына келісімді Кипрдың мемлекетаралық талаптары бойынша бұоын қабылданған шешімді растады. Бұрыңғы істері 1974ж. басып кіруден бастап, Түркиямен Конвенцияны бұзу құжатпен растау болды. 

    Көпшілік дауыспен осы сот шешімі:
    I. Түркия жоғалған киприот-гректердің орналасу жері мен тағдырын тиімді тергеу жүргізуге өз қабілетсіздігімен Конвенцияның 2, 3 және 5 баптарын ұдайы бұзады.
    II. Орны ауысқан киприот-гректердің біреуіне үйге қатуға рұқсат беруден бас тартумен Түркия Конвенцияның 8 бабын бұзуды жалғастырады.
    III. Түркия "Солтүстік Кипрда" тұратын киприот-гректердің құқықтарын бұзады. Жеке алғанда, 9 бап (әдепсіз қарау), 10 бап (мектеп оқулықтарының цензурасы), сондай-ақ № 1 хаттаманың мына баптары бұзылады: 1 бабы (меншікті бейбіт иеленуге құқықтарын бұзу), 2 бабы (орта мектептердегі қолайсыз жағдайлар), 3 бабы (қорлап қарауға дейін жететін кемсітушілік), 13 бабы (дәрілік заттардың жоқтығы).
    IV. 6 баптың қағидаларына келісімді Түркия киприот-түріктердің құқықтарын бұзады (әскери соттармен азаматтық істерді қарау) деп белгіледі.

    Сот және де "Лоизида Түркияға қарсы" ісі бойынша қаулыларды (1996 ж.) және (1998 ж.); СКТР деп аталатын, оны және оның "конституциясын" жариялаудың заңсыздығы туралы іс бойынша қаулылар (1983 ж.) және (1985 ж.), сондай-ақ Кипр Республикасымен берілген, мемлекетаралық шағымдар бойынша бұдан да ерте үкімдерді (6780/74, 6950/75 және 8007/77) растады. Түркия "Солтүстік Кипрдың" аумағына тиімді бақылауды жүзеге асыратындықтан", Сотпен бүкіл бұл бұзушылықтарда оның қарулы күштері кінәлі деп танылды. Сот және де Республиканың үкіметі аралдағы жалғыз заңды үкімет болып табылады деп растады.

    · Қабылдауға болатындығы туралы мәселе жөніндегі шешім, "Ксенидис-Арестис Түркияға қарсы" (№ 46347/99 шағым), Еуропалық Адам құқықтары жөніндегі сот,
    6 сәуір 2005 ж.
    Еуропалық Адам құқықтары жөніндегі соттың палатасы бірауыздан қабылданған шешімде Мира Ксенидес-Арестис ханымның шағымын қабылдауға болатындық деп жариялады. Өтініш беруші Конвенцияның 8 бабында ("Жеке және отбасылық өмірін құрметтеуге құқығы ") тіркелген оның құқықтарын және № 1 хаттаманың 1 бабын ("Меншікті қорғау") бұзудың жалғасып жатуына шағымданды. Түркиялық қарулы күштер оны меншігі мен үйінен айырды. Сонымен қатар, өтініш беруші ол православие грекиялық киприот болып табылатындықтан, Түркияның әрекеттері Конвенцияның 14 бабының қағидаларын ("Кемсітушілікке тыйым салу") бұзды деп шағымданды. Істің мәні үшін залалсыз Сот басып алынған аумақтарда «жергілікті қаражаттың» болуын таныған жоқ. Ол киприот-гректермен БҰҰ аралды қалпына келтіру бойынша жоспарды (2004 ж. 24 сәуірдегі "Аннан жоспары-5") қабыл алмағаны үшін, меншікпен байланысты оның қағидалары күшіне енуі мүмкін емес деп және де атап өтті.

    Қазіргі уақытта қарауда аз дегенде тағы, оларды Еуропалық сот қабылдауға болады деп жариялаған 33 мүліктік іс тұр.


    Тұжырымдама

    Кипр халқының "Аннан жоспары-5" өз қарым-қатынасын демократиялық жолмен білдірді. Киприот-гректер – Кипрдағы ең үлкен қауым – маңызды көпшлігі күрделі олқылықтары бар осы жоспарға қарсы шықты, неге десең ол Кипр мемлекетінің өзінің болуына қауіп-қатер төндірген, қауіпсіздікті қоса алып, бір қатар маңызды проблемаларды тиісті түрде шешекен жоқ. Бірақ, Президент Пападопулос көрсеткендей, "Аннан жоспарын" қабылдамау" ешкім үшін жеңіс болып табылмайды. Киприот-гректер нақты жол мен нақты жоспарды қабыл алмады. Олар кипрлық пролеманы шешуге қарсы емес. Расында, барлық киприоттардың – гректердің, солай түріктердің құқықтарын қорғау – өмірге бейімді және жұмыс істейтін шешімді іздеу параметрлердің шеңберінде болады, олар қазіргі уақытқа дейін келіссөздерді бағыттады және Кипрдың ЕО-қа кіруінің нәтижесінде туындаған жаңа саяси мәнмәтініне сәйкес. Осылай, барлық киприоттар ЕО мүшеліктің игілігі мен басымдықтарын пайдалануы, еуропалық қайта бірігу процессіне ықпал етуі және үш он жылдықтан астам жасанды бөлуден кейін өз елінің бірігуін қамтамасыз етуі мүмкін.




ҚАЙТА БІРІКТІРІЛГЕН КИПРГЕ

Кипр 1974 ж. бастап түркия аралған басып кірген және егемен елдің солтүстігінде аумақтың қырық пайызының қасы басып алынған кезден ықтиярсыз бөлінген болып қалады. Түркия әскери операцияның көмегімен киприот-гректерді оларды өз үйлерінен аралдың басып алынған бөлігіне қуып және киприот-түріктерді Кипр үкіметінің бақылауында тұрған аумақтағы өз үйлерін тастауға және түркиялық әскерлер орналасқан аймаққа баруға мәжбүрлеп, этникалық белгісі бойынша Кипр халқын географиялық межелеуді жүзеге асырды.

Түркиямен және түркиялық-кипрлық көшбасшыларымен мәжбүр етілген Кипрдың ықтиярсыз бөлінуі және БҰҰ бітігерлерімен бақыланатын заңсыз атысты тоқтату желісінен өтуге тыйм салу оларды мемлекеттік қолдаудан және этникалық қатынасынан тәуелсіз, барлық кипрлық азаматтарға тиесілі басқа де жеңілдіктер мен мүмкіндіктерінен айырып, киприот-түріктерді шамалы "оқшаулауға" әкелді.

Басып алынған аумақтарды Кипр Республикасынан «Солтүстік Кипрдың Түркия Республикасы» («СКТР») т.н. құрумен "бір жақты тәуелсіздікті жаряилау" арқылы ойластырылған бөлу 1983ж. ахуалды шиеленістірді.Халықаралық қоғамдастық дереу және үзілді-кесілді бұл сепаратистік қадамды кінәлады, ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіосы актіні "заңды күші жоқ" деп жариялады және UDI Біржақты тәуелсіз декларациясы (БТД ) кері қайтарып алуды ұсынды. – Аудар. ескерт.. Кейін Қауіпсіздік Кеңесі барлық мемлекеттерді көмектеспеуге және сепаратистік құрылымдармен қандай да бір түрде бірге қызмет етпеуге сондай-ақ аралда Кипр Республикасынын басқа, ешқандай басқа мемлекетті танымауға шақырды.

Анкара және түркиялық-кипрлық қауымның көшбасшылары өз сепаратистік саясатымен киприот-түріктер үшін қосымша проблема жасады. .

Бір жағынан, олардың оларға оның азаматтары ретінде құқықтары болған, оларға Кипр Республикасының ресми құжаттарының болуы немесе басып алынбаған аумақта теңіз және әуе жайлары арқылы аралға кіру және одан шығу мүмкіндігін қоса алып, тиісті қызметтермен және мүмкіндіктермен пайдалану рұқсат етілмеді. Екінші жақтан, киприот-түріктердің көшбасшылары осымен кипрлық түріктердің халықаралық мәмілелерін шектеп және оларға маңызды заң және басқа да проблемалар жасап, оларды заңсыз режиммен берілген және халықаралық қоғамдастықпен танылмаған құжаттарды пайдалануға мәжбүрледі .

2004ж. референдумнан кейін, "Аннан жоспары-5" киприоттардың көпшілігі оны негізгі мұқтаждықтарға және қос қауымның армандарына жауап бермейді деп санағаны, киприот-түріктерді оқшаулауды "жеңілдету", "жою" немесе "тоқтату" және аралдың "экономикалық тұрғыдан тең емес" қауымдарының арасындағы байланысты жасау бойынша келіссөздер болғаны үшін ұшырады. Өкінішке орай, бұл ахуалдың өзгеруіне әсер ететін тәрізді, кең таралатын жалған мәліметтің және бір қатар күмәнді ұсыныстардың пайда болуын туындатты. Түркия Халықаралық қауымдастықтың кейбіреулерін киприот-түріктердің қиындықтарында Кипр үкіметі және грекиялық-кипрлық қауым осылай немесе өзгеше кінәлі деп сендіріп, тіпті жаңылыстырды. 

Түркиялық тарап Кипрда жалғасып келе жатқан түркиялық басқыншылықтан назарын аудару мақсатында проблемаға осы жаңа, түркиялық-кипрлық "оқшаулауды" бәсеңдетуге бағытталған тәсілді пайдаланды, ол анкарның ЕО-қа кіру және Кипрдың басып алынған аумағында заңсыз режимнің саяси мәртебесін арттыруғ талабымен туындады.

Мәнінде, Түркия басып алынған аумақта оған бағынатын жергілікті әкімшілік үшін ресми халықаралық танусыз тәуелсіз мемлекеттің экономикалық атрибуттарын қамтамасыз етуге тырысады. Бұл Кипрдың басып алынған аумағында заңсыз режимге, бірақ аралдың бірігуіне қандай да бір ынталандырусыз, қызмет етуге мүмкіндік береді .

Өз әрекеттеріне халықаралық қолдауды алу үшін, түркиялық көшбасшылары бас аргумент ретінде жаңылысуға әкелетін, шынында олардың мақсаты саяси болған және болып қалған кезде, киприот-түріктердің "экономикалық оқшауланудың аяқталуы" лозунгін шығарды.

бірақ, заңсыз сепаратистік құрылымның "де фактосын" тануға ықпал ететін кез келген қадамдар халықаралық құқықты және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұрыштамаларын, әсіресе 541 (1983) және 550 (1984) бұрыштамаларын тура бұзуды білдіреді. Сонымен қатар, бұндай қадамдар Кипрді біріктіру бойынша күшті түсіреді, олар БҰҰ, ЕО пен бүкіл халықаралық қоғамдастықтың, сол сияқты қос кипрлық қауымлдардың мәлімделген позициялары болып табылады.

Түркиялық-кипрлық қауымның жағдайы Түркияның аралға басып кіруінің тура салдары. Атап айтқанда түркиялық басқыншылықтың нәтижесінде Кипр, оның халқы, оның институттары және оның экономикасы күшпен бөлінді. Бұл және де Түркияның мүддесін өз қауымының және тұтас алғанда Кипрдың есебі арқылы жүйелі қорғайтын, түркиялық-кипрлық көшбасшыларының қате саясатының салдары. Бірқ, бұл әрине, ол, Кипрдың барлық аумағында егемендікке ие болып, Республика үкіметінің қызметімен байланысты емес, оның егемендік құқықтарын және құқықтардың нормаларын қорғау бойынша өз міндеттемелерін орындайды.

Құжатта тіркелген оқиғалар Түркиямен Кипрдың солтүтістік бөлігіне әскери басып кіруінің нәтижесінде осылай немесе өзгеше қос қауымда зардап шекті деп көрсетеді және атап айтқанда бұл басып кіру, сондай-ақ Анкарадан тәуелді түркиялық-кипрлық көшбасшылардың қызметі киприот-түріктердің «оқшаулау» сезімі тууына тікелей ықпал етуі мүмкін.

Міне тек фактілер:

Түркия арал, қос қауым, ел институттары және оның экономикасы бөлінген түрінде қалуы үшін қолынан келгенін жасайды, ал бұл киприот-түріктермен Кипрда және оның шегінен тыс істерді қалыпты жүргізуге кедергі жасайды, оларды үкіметпен ұсынылатын маңызды қызметтер мен жеңілдіктерден айырады. 

Осы уақытқа дейін Түркия киприот-түріктерге барлық кипрлық азаматтарға тиесілі және шетелген бар үшін, сондай-ақ елдің ішінде, солай шетелде әртүрлі қызмет түрі үшін қажет төлқұжат, жеке басының куәлігін және басқа да ресми құжаттарды алуға рұқсат берген жоқ.  Көрсетілген құжаттар киприот-түріктерге ЕО-тағы мүшеліктен жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді, мысалы, Одақтың кез келген жерінде білім алуға, жұмыс істеуге және өмір сұруге және үшінші елдерде дипломатиялық және консуолдық қорғаумен пайдалануға мүмкіндік береді.

Түркия киприот-түріктер және тұтас алғанда Кипр үшін экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және соңында, саяси проблемалар жасап, басып алынған аумақты Анатолиядан 160 мыңнан астам заңсыз колонисттармен толтырды. Қазіргі уақытта олардың саны киприот-түріктерден екі есе артатын, Түркиядан жалақысы төмен қоныс аударушылар бұнымен ілесіп жүретін экономикалық қиындықтардың маңызды бөлігін туғызып, оларды меншік еңбек нарығынан ығыстырады.

1983 ж. Түркия киприот-түріктер үшін жоғары инфляцияны және басқа да маңызды экономикалық және әлеуметтік проблемаларға ұрындырып, басып алынған аумақта түркия лирасын айналымға енгізді. Басып алынған аумақтың экономикасын Түркия экономикасына біріктіруге бағытталған мұндай қадамдар киприот-түріктерді оның көптеген кемшіліктерінен тәуелді қылды.

Түркия киприот-түріктер үшін зарарлы нәтижелерімен тиімсіз және сыбайласқан жүйе құрып, шартты көмектің, тура нұсқаулықтар мен басқарудың көмегімен басып алынған аумақты бақылайды.

1980 ж. бастап Түркия экономикалық әсерге және "оқшаулаудың" тоқтауына қарамастан, бұндай шаралар Кипрдың басып алынған аумағында заңсыз режимді халықаралық тануды қамтамасыз етпегендіктен, сауда саласындағы бір қатар шараларды қоса алып, сенім шараларын нығайтудан түркиялық-кипрлық көшбасшылардың бас тартуын қолдайды.

Түркия түркиялық-кипрлық көшбасшылардың түркиялық-кипрлық қауым және сауда ережелерін енгізу үшін, ЕО-тан маңызды қаржы көмегінен, сондай-ақ киприот-түріктерге тым тиімді болатын, Республика үкіметінің басқа да сындарлы ұсыныстарын қараудан бас тартуын қолдайды.

Түркия Кипрдың солтүстігінде Еуропалық Сотпен оларға сәйкес аралдың басып алынған аумағынан экспортқа шектеулер енгізігілген шешімдерді қабылдауды туындатқан құқыққа қарсы ахуал жасады. Осы ахуал үшін Кипрдың солтүстігінде acquis communautaire қолдану тоқтатылды.

Түркия Республиканың заңды билігімен бақыланатын аумақта орналасқан, теңіз және әуе жайлары арқылы түркиялық-грекиялық тауарлар мен қызметтердің экспортына кедергі жасайды. Кипрлық үкімет киприот-түріктер үшін Ларнака жайында олардың тауарларын жеңілдетіп рәсімдеудің арнаулы рәсімін енгізу ұсынылды да, бірақ түркиялық-грекиялық қауым мен Анкараның басшылығы бұл ұысынсты жүзеге асыруға кедергі жасады. 

Басқа сөзбен айтқанда, Түркия кипрлық түріктер өз әлеуеттерін толық іске асыралмау және оларға Кипр және ЕО азаматтары мәртебесі бойынша тиесілі сол игіліктер мен мүмкіндіктерді пайдаланбай үшін, қолынан келгенді жасайды.

Кипр үкіметі "Аннан жоспары" пайда болғанға дейін бұрын киприот-түріктердің экономикалық жағдайына үлкен назар аударғанын есте сақтау керек. Ол адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды іс-жұүзіндегі бастамаларды жүргізіп, олардың экономикалық және әлеуметтік дамуына қатысты өз мейрімді пиғылын көрсетті.

Кипрдың оның халқы мен экономикасының бірігуін қамтамасыз ететін, нақты бірігуі ғана киприот-түріктердің жағдайын жақсартуы мүмкін, оларға өз әлеуетін толық іске асыруға және ЕО-тағы мүшеліктің игілігін пайдалануға мүмкіндік беретіні анық. Үкміттің басты басымдығы, демек, Кипрды жасанды бөлуді тоқтату болып табылады.

Бірақ, әскери басып кірудің тыйым салу және Кипр үкіметінің бөліну жағдайларында да, электр энергиямен тегін қамтамасыз етуді, зейнетақыны және әлеуметтік қамсыздандыруды қоса алып, кипрлық түріктерге маңызды жеңілдіктер әрқашан (бұл мүмкін болған жерлерде) таратқан, сондай-ақ халықаралық экономикалық және басқа көмектен тиісті үлесті бөлген. Сонымен қатар ол заңды билікпен бақыланбалы аумақта киприот-түріктердің меншігін қорғауды да қамтамасыз етті.

Дегенмен, түркиялық-кипрлық басшылық пен Анкара киприот-түріктердің әл-ауқатын жақсартатын, Кипр үкіметінің ұсыныстарын қабыл алмады. Мысалы, түркиялық-кипрлық қауымдары көшбасшыларының ЕО-қа кіру туралы келіссөздерде кипрлық делегациясына қосылуға шақыруы олармен қабыл алынбады, ол оларды бұл тарихи процессте қатысу мүмкіндігнен айырды.

Сонымен қатар үкімет ЕО-тың түркиялық-кипрлық қауымға қаржылық көмек ретінде 259 млн еуро бөлу туралы шешім ұсынды және қызу қолдады да. Өкінішке орай, кейбір күштердің бұл шешімді іске асыруында саяси және басқа да талаптар қою әрекеттері орын алды. Анкараның қолдауына ие, түркиялық-кипрлық көшбасшылар киприот-түріктерге қорлардың жартысын тәркілеп және сонымен қатар қалғанын жоғалтуды да тәуекелге тігіп, сол маңызды экономикалық көмектің көбін алуға тағы да бермегені көрнекті.

2003ж. түркиялық тараппен енгізілген БҰҰ бақыланбалы, атысты тоқтату желісі арқылы адамдардың еркін жүруіне заңсыз шектеулерді ішінара жойғаннан кейін, Кипрлық үкімет киприот-түріктерге тиісті қызметтерді қамтамасыз ету үшін, тым дайын болып шықты.

Содан бері киприот-түріктердің үкіметке бақыланбалы аумақта жұмыс істеуге мүмкіндігі бар және мұндай жұмыскерлердің саны күн сайын артып келеді. Осы уақытқа кипрлық түріктердің табысы 700 млн долл. артатын соманы құрады; олар тегін медициналық қызмет көрсетуді қоса алып, кең жеңілдіктер жиынын пайдаланады. Сонымен қатар олардың экономикасы миллиондаған киприот-гректерден және басып алынған аумаққа келетін шетелдік туристтерден үлкен ақшалай түсімдер ала бастады.

2003 ж. бастап атысты тоқтату желісін 10 млн астам адам және 3 млн жуық автомобиль кесіп өтті.

2003ж. бастап атысты тоқтату желісі арқылы еркін жүрудің арқасында экономикалық белсенділік пен сауданың маңызды көтерілуі, соңғы жылдары екі еседен артық өскен және 11 мың АҚШ долл. құраған, түркиялық-кипрлық халықтың жан басына шаққанда табыстың артуының басты факторы болып табылды.

Бұл бейбіт, оқиғалармен ілеспейтін атысты тоқтату желісінің басқа жағына ауысуы түркиялық насихатпен жылдар бойынша таратылатын, қо қауым бірге тұралмайды және демек бөлінуге тиіс деген аңызды бұзды.

Қос қауымның арасында олардың көлемі әр рет көп болып келе жатқан коммерциялық мәмілелерді жасауға көмек көрсету үшін, үкімет мына қадамдарды ұсынды: атысты тоқтату желісінде, аз дегенде, сегіз қосымша өту пунктілерін ашу; буферлік аймақтың бойындағы аумақты минадан арылту; қабырғамен қоршалған Никосияның бөлігінен әскерді шығару және кейбір басқалар.

Бөлінген Кипрдың проблемасының тегіс қамти алатын шешімін табуға қайраттана тыысып, үкімет қос қауымның арасындағы сенім мен достастық қарым-қатынастарды қайта қалпына келтіруге және Кипрдың кейін бірігуіне жағдайлар жасауға бағытталған жүйелі саясатты және де жалғастырып жатыр. Үкімет әлдеқашан көрнекі нәтижелер әкелген, бір қатар осындай ауыз толтырып айтарлық шаралар қолданды.


Үкіметпен біржақты тәтртіпте немесе ЕО-пен ынтымақтастықта (мысалы, ЕО-пен қабылданған «Жасыл желі» туралы Қаулы сияқты) жүргізілетін бастамалардың саясаты түркиялық-кипрлық қауымның ауыл шаруашылық өнімдерді арал ішінде сатуға, сондай-ақ заңды негіздерде қызмет ететін Кипрдың теңіз және әуе жайлары арқылы олардың экспортына көмек көрсетеді. Өкінішіке орай, Анкарадан әрқашан қолдау табатын, бұл қауымдардың көшбасшылары саяси пайымдар бойынша бұл шаралардың көбін, сонымен киприот-түріктерді маңызды қосымша – экономикалық және басқа да жеңілдіктерден айырып, қабылдаудан бас тартады.

Түркиялық тарап Кипрдың басып алынған аймағында заңсыз пайдаланылатын теңіз және әуе жайлары арқылы сыртқы «тура сауданы» дамытуды ұсынады – экономикалық көзқарастан ақталмаған идея, бірақ сепаратисттік режимі мәртебесі өзгеруінің ізіне түсетін саяси мақсат. Бұл мәнмәтінінде "тура сауда" Түркияның әскеримен осы аумаққа басып кіру себебі бойынша онда acquis communautaire тоқтатқан, Еуроодақ мүшесі-мемлекеттің, Кипрдың аумағында құқыққа қарсы ахуалды легитимдеу әрекеттерінің кодтық термины болды.

Кипрдың басып алынған аумағында сепаратисттік режиммен басқарылатын, теңіз және әуе жайларды пайдаланумен "Тура сауда" және "тура ұшу" құқықтық нормаларға қайшы келеді, Кипрдың егемендік құқықтарын бұзады және кипрлық проблеманы тегіс қамти алатын реттеудің мәнмәтінінде Кипрдың шынайы бірігуіне жету әрекеттерінде тиімсіз.

Киприот-түріктерді халықаралық қауымдастыққа толық және заңды негіздерінде қайта біріктіру Түркияның қол астындағы жергілікті әкімшілік болып табылатын, өзін-өзі жариялаған режимнің мәртебесін арттыру емес, ал Кипрдың нақты бірігуінің нітижесінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін болады.

Киприот-түріктердің экономикалық дамуын, сондай және Кипрдың оның барлық азаматарының игілігіне бірігуін қамтамасыз ету үшін, аса тиімді заңды жолдары бар. Кипр үкіметімен шығарылған, қос қауыммен Фамагуста портын ашу және бірігіп, ЕО бақылауында пайдалану кіретін бір қатар мұндай ұсыныстар түркиялық тарапқа қарауға ұсынылды.

Кипр үкіметі түркиялық-кипрлық қауымға өз конструктивтік тәсілін өзгерпейді және келешекте, ол бірігу және татуласу үшін негізді нығайтуға көмектеседі.

Сондықтан, киприот-түріктердің эклномикалық дамуына және Кипрдың бірігуіне ықпал етуге шын тілейтін, халықаралық қоғамдастықтағы сол күштер бұны Кипр үкіметімен ынтымақтастықта және құқық нормаларын да, Кипрдың егемендік құқықтарын да бұзбай істеуі қажет.

Кипрдың бірігуі және оның экономикасының қайта бірігуі ғана бірыңғай халық ретінде дұрыс бағытта киприоттардың саяси және экономикалық әл-ауқатының дамуын бағыттауы мүмкін.

"Киприот-түріктерді оқшаулауды тоқтату" жалған ұранмен басып алынған аумақта сепаратисттік беталысты көтермелеу немесе қазіргі уақытта Түркиямен ұсынылған басқа да саяси дәлелденген схемалар түркиялық-кипрлық қауымның эклномикалық дамуына аз көмектеседі.

Бұдан басқа, бұндай идеялар Түркияның Кипрға қарсы жалғасып жатқан басқыншылығынан тек назар аударады, оның нәтижесінде арал бөлінген болып қалады және Анкараның ЕО алдындағы міндеттемелерді сақтау қабілетісздігін соның ішінде кипр туының астында жүзіп жүрген кемелер үшін оның портттарын ашуды куәландырады. Сонымен қатар олар саяси ерікті басады және Кипрдың бөлінуі болып табылатын, басты мәселені шешуге бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға кедергі жасайды. Осындай ретінде бұл идеялар киприот-түріктерді бұдан да әрі бағыттан адастырып, Түркиямен Кипрда құрылған заңсыз жағдайды бекітуге көмектеседі. Олар аралда және өңірде достық қарым-қатынастарды және баянды бейбітшілікті қайта қалпына келтіру процессін артқа тастайды.

Кипрдың үкіметі елді және оның халқын біріктіретін, экономикасын қайта біріктіретін және барлық киприоттарды мазалайтын негізгі мәселелерді шешетін кипрлық проблеманы өмірге бейімді реттеуге жетіп, бір жақты тәртіпте, солай және ЕО Комиссиясымен және ЕО бойынша серіктестермен ынтымақтастығында өз бірігу саясатының бастамаларын дамытуды жалғастырады. 

Кипр Президенті Тассос Пападопулос: "Біздің талап етіп отырғанымыз, – өте орынды, ал біз неге ынталанамыз, – анық. Біз бірыңғай экономикасы, айрандай ұйым отырған қоғамы және бөлінбеген институттары болу үшін, қос қауымды, қос аймақты федерацияның шеңберінде біздің елді және біздің халықты біріктіруді талап етеміз және тырысамыз. Біз біздің негізгі құқықтарымызды және негізгі еркіндіктерімізді қорғауды талап етеміз және тырысамыз. Біз барлық киприоттардың құқықтарын қорғайтын және басқа елдердің мүдделерін емес, ал олардың мүдделеріне қызмет ететін нақты және ұзақ мерзімді шешімді қалаймыз"- деп мәлімдеді.

FaLang translation system by Faboba